Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы мектептер мен интернаттардағы кеңестік балалық шақ (1941-1945)
Қаралымдар: 168 / PDF жүктеулері: 183
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-102-120Кілт сөздер:
балалар; кеңестік балалық шақ; мектеп; интернат; эвакуация; демалыс; Қарағанды облысы; Ұлы Отан соғысы.Аңдатпа
Мақалада Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдарындағы Қазақ КСР мектептері мен мектеп-интернаттарында ?балаларды оқытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Авторлар мұрағат құжаттарының деректері мен ауызша деректердің материалдары негізінде соғыс жылдарындағы кеңестік қазақстандық мектеп оқушыларының өмірін талдайды. Мақаланы жазу кезінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұрағат қорларының материалдары пайдаланылды. Бірінші рет айналымға енгізіліп жатқан мұрағат құжаттары кеңес мектептері мен интернаттардағы нақты жағдайды көрсетеді. «Соғыс балаларынан» алынған сұхбат материалдары мақаланы соғыс жылдарындағы оқиғаларға қатысушылардың естеліктерімен толықтырады. Авторлар Қазақстанның бірқатар облыстарының деректерін мысалға ала отырып, мектеп жүйесінде болған өзгерістерді көрсетеді, олардың бірі соғыс жылдарындағы мектеп оқушылары санының азаюы. Әсіресе, жоғары сыныптарда қазақ мектебіндегі қыздардың санының өзгеруінің себептері де зерттелген. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, мақалада мектеп-интернаттарда мектеп оқушыларының білім алуын ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ республиканың шалғай елді мекендері үшін жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы мектеп-интернаттың рөлі қарастырылады. Отандық тарих ғылымында соғыс жылдарындағы қазақ мектептерінің мәселелеріне қатысты бірқатар зерттеулер болғанымен, соғыс жылдарындағы қазақ балаларының балалық шағының тарихы әлі арнайы зерттеу нысанына айналған жоқ.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Зауреш Г. Сактаганова, Жанара К. Абдукаримова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.