Қазақстанға депортациямен келген этникалық топтары өкілдерінің елеулі үлес қосқан қайраткерлері


Қаралымдар: 157 / PDF жүктеулері: 436

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-134-149

Кілт сөздер:

қуғын-сүргін; этникалық жер аудару; этникалық топтар; көрнекті тұлғалар; этносаралық келісім.

Аңдатпа

Мақалада халықтың жекелеген этникалық топтарына қарсы репрессиялық шаралар ретінде қолданылған кеңестік тоталитарлық жүйенің Қазақстанға жер аударылуын зерттеудің ақпараттық және зерттеу негіздері көрсетілген. Қазақстанға халықтарды депортациялау проблемасының деректанулық және тарихнамалық базасы талданған. Жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылған халықтар туралы мәліметтер берілген. Негізгі құжаттар хронологиялық тәртіппен көрсетілген. Тоталитарлық режимнің ерекшеліктері және депортацияның нақты адамдардың өміріне де, жекелеген этникалық топтарға, аймақтарға және тұтастай елге әсері қарастырылған. Сондай-ақ, мақалада Тәуелсіздік жылдары депортацияланған халықтарды толық ақтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілген. Депортация тақырыбына арналған қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен ғылыми әзірлемелер зерттелген. Қазіргі уақытта бірқатар қорғалған диссертациялар, монографиялар, кітаптар, мақалалар, депортация құрбандарының естеліктері туралы мәлімет берілген. Оның ішінде этникалық топтардың кейбір өкілдерінің Қазақстанда ерекше із қалдырған көрнекті қайраткерлері туралы да ақпарат берілген. Осы этникалық топтардың көрнекті өкілдерінің өмірбаяндарын қарастыра отырып, автор олардың қызметінің нәтижелері мен елдің дамуына қосқан үлесін қазіргі жастарға үлгі ретінде көрсетуге тырысқан. Сонымен қатар осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығы негізделеді, оның табысты нәтижелері халықтың бірлігі мен Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын сақтау жөніндегі саясаттын іске асырудың қажетті шарттарының бірі ретінде конфессияаралық және этносаралық келісімді одан әрі дамытуға қажетті шарттарының бірі екені айқындалған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-09

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шериязданов, Б. Р. . (2022). Қазақстанға депортациямен келген этникалық топтары өкілдерінің елеулі үлес қосқан қайраткерлері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 141(4), 134–149. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-134-149

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР