Күй өнерінің мәдени-философиялық мәні


Қаралымдар: 162 / PDF жүктеулері: 151

Авторлар

  • Б.Ө. Аралханов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.С. Сахов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.Н. Курбанбаева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-150-160

Кілт сөздер:

күй; күй өнері; мәдени мұра; домбыра; домбыра күйлері; күйші.

Аңдатпа

Қазақ халқының рухани дүние дамуында күй өнерінің алатын орны ерекше. Өзіндік күрделі құрылымы мен сарындық құпиялылығы терең бұл құбылыстың мәні мен ерекшелігін тиянақты танып түсіну, рухани даму үрдістерінің кезеңдерін саралау ғана емес, мәдени өркендеуінің келешегі үшін де қажет. Күй өнері және оның мәдени ерекшеліктері мен ондағы философиялық ой-толғаныстарды тану – қазіргі тәуелсіздігімізді орнықтыра нығайту үшін де аса маңызды. Біздің алдымызда халықтың рухани дүние мұрасын танып, бағалап, ұлттық рухта шынықтыру, бүгінгі демократиялық қоғамдық құрылыс дәуірінің қажетіне жарата білу міндеті тұрғаны анық. Қазақ күйлерінің аңыз-әңгімелері, олардың оқиғасы мен тарихы туралы зерттеулер ғана айтылып жүр, ал оған жүйелі мәдени-философиялық талдаулар жасалынбауы себепті, осы мәселеге ден қойылды. Себебі халықтың күй мұрасындағы дүниелік құбылыстардың ерекшелігі мен тақырыптың кеңдігі, мазмұнының күрделілігі арнайы зерттеуге лайықты деп саналды. Қазақ философиясының мазмұндық құрылымында ерекше орын алатын халықтық күй өнерінің ұлттық менталитетті қалыптастырудағы маңызы зор. Күйшілік өнер – ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуындағы қайнар бұлақ. Осы себепті ол қазақ халқының дүниелік таным-түсінігіне ықпал етіп, мәдени құндылығына айналған. Егер де күйшілік өнердің қазақ халқының мәдени даму шеңберінде алатын орнын сараптайтын болсақ, онда оның ұлттық негізіне, рухани тіршілігіне тоқталмай өту мүмкін емес. Осындай ойдың негізінде ұлт ретінде өзімізді тану, сезіну, қабылдау сияқты түсініктер жатады. Нәтижесінде ұлттың қадір-қасиетін, оның рухани дүние байлығының өзегіне айналған күй өнерінің табиғатын тануға деген мүмкіндіктерін танимыз.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-09

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аралханов B. O. ., Сахов A. S. ., & Курбанбаева S. N. . (2022). Күй өнерінің мәдени-философиялық мәні. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 141(4), 150–160. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-150-160

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ