Тәуелсіз өмір философиясы: Қазақстандағы инклюзивті білім беру жағдайы (заманауи зерттеулерге шолу)
Қаралымдар: 177 / PDF жүктеулері: 353
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-135-157Кілт сөздер:
Тәуелсіз өмір философиясы; инклюзивті білім; денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктері; арнайы білім беру қажеттіліктері; ассистивті технологиялар.Аңдатпа
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне толық қатысуға құқығы бар. Тәуелсіз өмір философиясы адамдардың өзін-өзі анықтауымен байланысты, мүмкіндігі шектеулі адамдар өздері үшін не жақсы екенін өздері шешуі керек. Әлеуметтік кеңістіктегі кедергілерді жеңу үшін оларға пандустар, арнайы жабдықтар мен арнайы дайындалған қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар адамдардың көзқарасын өзгерту қажет. Бұл қайырымдылық мәселесі емес, құқықтар жағдайы. Тиісті заңдарды қабылдау, толыққанды дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен достық ортаны құру қажет. Мақала авторлары «тәуелсіз өмір философиясы» ұғымы туралы рефлексия жасап, оның негізгі нүктесі мүгедектік мәселелерін концептуализациялау және қоғамда ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға барабар қатынасты қалыптастыру болып табылады. Инклюзивті тәсіл тәуелсіз өмір философиясында басты орын алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды білім беру жүйесіне бейімдеу мәселесі мүгедектік туралы жаһандық дискурста өзекті сұрақтардың бірі екені сөзсіз. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулер әлемдік ғылыми қоғамдастықта және білім беру кеңістігінде кең таралды деп айта алмаймыз. Ұлттық зерттеу деңгейлері мен олардың интерпретациялық негіздері арасында үлкен айырмашылықтар бар. Қазақстандағы инклюзивті білім беру жағдайын анықтау үшін авторлар отандық ғалымдар жүргізген осы саладағы заманауи ғылыми зерттеулерге шолу жасады. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру мәселесінің тағы бір маңызды аспектісіне – ассистивті технологияларға баса назар аударылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.