Ежелгі және ортағасырлардағы Cырдария, Талас және Жетісу өңіріндегі қалалардың тарихи-географиясы туралы деректер мен зерттеулер
Қаралымдар: 163 / PDF жүктеулері: 294
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-54-73Кілт сөздер:
Ежелгі заман; ортағасырлар; Шу-Талас; Сырдария; Жетісу; Шығыс Тянь-Шань; көне қалалар; деректер зерттелуі.Аңдатпа
Мақалада ежелгі және ортағасырлардағы Сырдария, Талас және Жетісу өңіріндегі ежелгі қалалардың тарихи-географиясы туралы қытай, араб және парсы деректері және олардың ғылыми айналымға енуі, зерттелуі, ғалымдардың пікірлері мен болжамдары жан-жақты қарастырылады. Ол үшін, ең әуелі Қытайдың «Жиырма төрт тарихына» жататын ресми жазба деректері мен Суан Цзан, Цзя Дань, Ду Хуан секілді саяхатшылардың, Ибн Хордадбек, Ибн әл-Факих, Қудама ибн Жа‘фар, әл-Балхи, Ибн Хаукал, әл-Мақдиси, әл-Идриси және Йақұт әл-Хамауи секілді ортағасырлық араб авторларының, сондай-ақ, кейінгі уақытқа тән Ата-Малик Джувейни, Рашид ад-Дин, Жамал Қарши, Мухаммед Хайдар Дулати, Шарафеддин Әли Иәзди қатарлы авторлардың парсы тілінде жазған еңбектері сараланып, олардың деректік әлеуеті мен шынайылығы, деректердің бірін-бірі толықтауы мен өзіне тән даралығы зерттеу нысанына алынады. Зерттеушілердің Қазақстан мен оның айналасындағы, атап атқанда Шығыс Тянь-Шань мен Қашқария, Сырдария бойындағы көне қалаларға қатысты деректанулық, тарихи-географиялық зерттеулері талданып, олардың жеткен жетістіктері мен кемшіліктері атап көрсетілді. Қазақстанның өз ішіндегі қалалармен ғана шектеліп қалмай, бұл қалаларды көрші аймақтармен байланыстырып жатқан жол бағыттары, біртұтас географиялық кеңістікте орналасқан елдімекендер туралы ғылыми еңбектерге назар аударылды. Мұндай талдау отандық тарихнамада қалыптасып келе жатқан деректану мен тарихнамалық зерттеулерді одан ары дамытуға септігін тигізеді. Мақалада ерте, ортағасырлық деректерді алғаш болып зерттеген және оларды ғылыми айналымға қосқан, сол арқылы өз ойларын ортаға қойған Михаэл Ян де Гуе, Сун Сянь, В. Минорский, Генри Юль, Чжан Синлян, Фэн Чэнцзюнь, Цын Чжунмянь, Чжоу Лянкуань, Томас Уаттерс, В.В.Бартольд, А. Г. Малявкин, П. Пелио, А.М. Беленицкий, Э. Шаван, С.Л. Волин, Матсуда Хисау, Б.Е. Көмеков, Р.Б. Көмекова т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері сарапқа салынды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Тұрсынхан З. Қайыркен, Зибагул С. Ильясова, Ақжігіт Әлібекұлы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.