Қазақ репатриациясы ұғымы турасында: сипаттамасы, түрі және ерекшелігі


Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 427

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-108-123

Кілт сөздер:

репатриация; оралман; қандас; құқықтық статус; этникалық көші-қон; диаспора; ирредент; Қазақстан.

Аңдатпа

Мақалада қазақ репатриациясы ұғымы және оның баламасы болып табылған «байырғы ұлт өкілдері», «оралман», «қандас», «репатриант» сынды терминдердің ғылыми айналымда өзгеру динамикасы мен себептері қарастырылады. Қазақстан жағдайында репатриация және оның салдарынан туындайтын түйіндерді әлемдік қалыптасқан формуламен емес, жекелей (тарихи, аймақтық, этностық жағдайлар тұрғысынан), арнайы теориялар мен әдестерді пайдалану арқылы зерттеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Соңғы 30 жылдағы этникалық көші-қон ұғымдарының өзгеруіне ықпал еткен заңдық және әлеуметтік себептерді ескере отырып, құқықтық статуыс пен қоғамдық пікірден туған атаулардың ғылыми термин ретінде қолданудың тиімсіздігін көруге болады. Сонымен қатар, мақалада әлемдік тәжірибедегі репатриация үлгілерінің терминдік қолданыстарына (Израиль, Ресей, Германия, Польша, Корея, Жапония т.б.) салыстырмалы талдаулар жасалынып, қандай терминнің этникалық қазақтардың оралу көші-қонын толықтай сипаттай алатыны қарастырылды. Этникалық көші-қон түсінігі және анықтамасы мәселесінің отандық ғылымда дұрыс қойылуы мен шешілуі осы сала бойынша зерттеулердегі бірізді терминдердің қалыптасуына жағдай жасайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бұлбұл , Ш. (2023). Қазақ репатриациясы ұғымы турасында: сипаттамасы, түрі және ерекшелігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 143(2), 108–123. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-108-123

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР