Мен өмірімді партияға арнадым, ал ол менен теріс айналды (Кемел Тоқаевтың шығармашылық жолындағы ауыр сынақ)


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 144

Авторлар

  • Шакиев Mадияр Н. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-2407-0500
  • Садыков Тлеген С. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Жеребцов Игорь Л. РҒА Орал Тіл, әдебиет және тарих институты https://orcid.org/0000-0002-7115-4547

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-124-139

Кілт сөздер:

Кемел Тоқаев; жазушы; детектив жанры; қазақ әдебиеті; Қазақ КСР; соғыс; идеология; тұлға.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының ізашарларының бірі Кемел Тоқаевтың шығармашылық жолы қарастырылады. Автор жаңа әдеби бағыттың даму ерекшеліктеріне назар аударып, оны зерттелетін адамның жазушылық қызметімен байланыстырады. Мәселені зерттеуде, алдымен, тұлғаның қысқаша өмірбаяны, соғыс кезеңі және шығармашылық жолындағы қиындықтары баяндалады. Оның ішінде, жазушының құпия құжаттарды қолдана отырып, детективтік жанрда тарихи астары бар шығармалар жазғаны көрсетіледі. Соның нәтижесінде жоғары билік өкілдері тарапынан қудаланғанына ерекше тоқталып кетеді. Тақырыпты зерделеуде Кемел Тоқаев мысалында мәдени өрлеу мен коммунистік идеологияға қарамастан, Қазақ Социалистік Республикасының қоғамы мен билік құрылымдарында белгілі бір мәселелердің бар екендігін көруге болады. Автор, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» естелік еңбегі мен жеке хат алмасуларын негізге ала отырып, жазушының өміріне қатысты тың ақпараттар береді. Мақалада мұрағаттық құжаттар, орталық мемлекеттік мұрағаттың, Ұлттық академиялық кітапхананың Кемел Тоқаевтың жеке қорынан алынған фотосуреттер, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды. Ғылыми жұмыста Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесіне ерекше назар аударады және оны тарих беттерінде лайықты орын алған өз халқының зиялы қауымының лайықты өкілі ретінде бағалайды. Автор қазақ әдебиетіндегі жаңа шытырман оқиғалы жанрдың келуі, орнығуы, дамуы Кемел Тоқаев есімімен тікелей байланысты деген қорытындыға келеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-22

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР