PhD Мұхит-Ардагер Сыдыкназаровтың «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті» атты кітабына рецензия


Қаралымдар: 171 / PDF жүктеулері: 349

Авторлар

  • Аяған Бүркітбай Ғ. Мемлекет тарихы институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-269-274
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Автор ұсынып отырған рецензияда жеке дара дайындаған филология ғылымының кандидаты, саясаттану докторы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Университетінің Заманауи Зерттеу Институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың "Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті. Атлас. - Брюссель, 2021. – 532 бет." жинаған еңбек сарапталады. Еуропа және АҚШ мұрағаттарынан табылған 130 географиялық картадан тұратын бұл жинақ-кітапта (Атласта)  XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ үзіліссіз мемлекеті үдерістері жан-жақты ақпаратпен бейнеленген.

       Шет ел  жинақтаушылары  дайындаған  карталарда осы елдің топоним мен этноним, мемлекет тарихы, тайпалар орналасуы сияқты мәліметтер толығынан берілген. Еуропа және американ зерттеушілері сол заманға сәйкес мемлекеттер туралы бар ақпаратты жинақтап жүйелеп берген. Қазақ елі-Қазақ  хандығы  билік басындағы Ұрыс-хан әулеті мен Шибан әулеті басқа да қауымдастықтармен  даму үстіндегі  қарым-қатынаста болған жас мемлекет екенін көрсетеді. Карталардың көпшілігі бай өрнектелген және ғалымдар, елші, саясаткер мен оқушы жастарға молынан ақпарат береді. Атласта берілген құжаттар еуропалық халықтардың шығысқа қарай жылжыған сайын осы ел тұрғындарының жер атаулары, тұрмыс жағдайы туралы жинаған деректері толыға түскенін көрсетеді

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-22

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР