Көшпенділер мәдениеті және серілік дәстүр (XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы)


Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 265

Авторлар

  • Ази Есентүгел А. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-6506-9488
  • Аралбай Сәкен М. Қарағанды медицина университеті https://orcid.org/0000-0002-4714-4744
  • Куразова Құралай И. Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-140-151

Аңдатпа

Бір ұлтты екінші ұлыстан ерекшелеп, ұлттың ұлт екенін айшықтап тұратын салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ырым-тиым, ұлттық ойын, дәстүрлі өнер, музыкалық мұралары болары ақиқат. Бұл жағынан қазақ халқы ештеңеден кенде емес. Қазақтың осынау рухани, мәдени, әдеби мол мұралары осы жұрттың ежелден қалыптасып келе қалған көне тайпа, ғасырлар қойнауынан шым тартып жатқан бағзы көшпенділердің ізбасары екеніне куә. Қай заманда болмасын әр ұлттың келешек ұрпағының санасына құйып, оларды елін, жерін қорғайтын батыр, ер қылып тәрбиелеудің өзіндік құндылықтары және мәдениеті болғаны ақиқат. Өйткені, ел болашағы жастардың болмысын, ұлттық психологиясын бабалардан жеткен жолмен, яғни имандылық, адамгершілік сияқты киелі мұралармен етене араластыра отырып, ұрпақтың санасына сәуле шашу, сол ұлттың ертеңін дамыту үшін қажет дүние. Ал, бүгінгі таңда бұл қазақ халқының руханияты үшін маңызды істердің бірі. Сайын дала төрінде шашырап жатқан, жинақталмай жады мықты қариялардың жадында тұрған, ұлттық құндылықтарымызды, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен тарихи тұлғаларымыздың мұраларын, шығармаларын мейлінше насихаттап, сол арқылы келешек жастарға ұлттық бағытта тәлім-тәрбие беру кезек күттірмейтін іс деп ойлаймыз. Осы себепті, даналармыз бен ақын-жырауларымыздың кесек сөздерін насихаттауды молайтып, жастардың санасына мейлінше сіңіріп, салт-дәстүрмен астастыра отырып, бесіктен тәрбиелеуді қолға алған жөн. Орта Азиядағы іргелі елдің салт-дәстүрі, ғұрпы көне замандарға сүйрейтіні анық. Ендеше мәдениеті де сол замандардан бастау алады деген сөз. Сондықтан қазақтай танымы терең жұрттың өзге этностардан ерекшеленіп тұратын әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерін оның мәдениетімен астастырып жарқырату мақсат. Мақалада қазақ халқы мәдениеті, өнері, сан қырлы өнерпаздары ерекше көркемдік құбылыс ретінде талданып, олардың жалпы және айрықша көріністері қазақтың тарихи жолын көрсететін көшпенділер мәдениетінің дәстүрлі өнерінің үлгілері талқыланған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есентүгел А., . А., Сәкен М. , А., & Құралай И., . К. (2023). Көшпенділер мәдениеті және серілік дәстүр (XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 143(2), 140–151. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-140-151

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ