Ертістің Павлодар өңірі халқының демографиясының тарихнамасына
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 171
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-76-92Кілт сөздер:
халық; тарихи демография; этнос; әлеуметтік құрам; көші-қон; урбанизация; демографиялық көрсеткіш; механикалық өсім.Аңдатпа
Мақалада Ертістің Павлодар өңірі халқының демографиялық дамуына тарихнамалық талдау жасауға ұмтылыс жасалған. Қазақстанның жекелеген аймақтары халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын кешенді зерттеу Отандық тарихи демографияның соңғы жылдардағы ірі жетістіктерінің бірі болып табылады. Осының нәтижесінде Отан тарихындағы ірі оқиғалар мен құбылыстардың халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуына тигізген ықпалы мен салдары арнайы, кешенді зерттеліп, көптеген тарихи оқиғалардың әлеуметтік-демографиялық салдарын терең тануға қол жеткізілді. Халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуының аймақтық ерекшеліктерін жіктеп, саралау мен талдау арқылы ірі оқиғалардың белгілі бір аймақ халқының дамуына тигізген ықпалын, салдарын нақты айқындап, тарихымызды терең тануға мүмкіндік туады, бүгінгі әлеуметтік-демографиялық мәселелердің себептеріне тарихи негізде ғылыми болжам жасауға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар әлеуметтік-демографиялық ізденістердің белгілі бір аймақтық зерттеулер аясында жүргізілуі салыстырмалы материалдардың негізін кеңейте отырып, теориялық тұрғыдан үлкен ғылыми маңызға ие бола алады. Ұсынылып отырған мақалада Ертістің Павлодар өңірі халқының демографиялық дамуына қатысты еңбектерді патша үкіметі кезеңіндегі, кеңестік дәуірдегі және тәуелсіздік жылдарында жазылған зерттеулер деп үшке бөліп қарастырдық. Кеңестік дәуірде жазылған еңбектердің басым бөлігінде негізінен халықтың сандық, сапалық құрамына талдау жасау, еңбек ресурстары мәселелері қамтылса, тәуелсіздік жылдарындағы еңбектерде патша үкіметінің отарлық саясатының, кеңестік саясаттың салдарларын саралауға және аймақтардың әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктері және оның себептері, салдарларын талдауға көңіл бөлінгендігін бір аймақ мысалында сараланған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Замзагуль Ә. Сабданбекова, Айгуль М. Садықова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.