Интертекстуалдылық философиясы «Қыз Жібек» операсын зерттеу әдісі ретінде


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 118

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-286-299

Кілт сөздер:

«Қыз Жібек»; Е. Брусиловский; Ғ. Мүсірепов; Қазақ операсы; опера дәстүрлері; интертекст; интертекстуалдылық; опералық сюжеттер; операның композициясы; опера музыкасы.

Аңдатпа

Мақалада «Қыз Жібек» алғашқы қазақ операсы интертекстуалдылық философия
тұрғысынан қарастырылады. Интертекстуалдылық дегеніміз - бұл постструктурализм теоретиктері
Юлия Кристева мен Ролан Барттың еңбектерінде алғаш рет пайымдалған тұжырымдама және
мәдениетті құрайтын дискурстар мен тілдердің кең желісінен кез-келген жеке мәтіннің пайда болуы
мен түсінілуін білдіреді. Ешбір мәтін интертекстуалдылық аясында жалғыз тұрмайды; барлық
мәтіндер, соның ішінде музыкалық мәтіндер де алдыңғы мәтіндермен өзара байланысты, ал мәтіннің
авторы шығармашылық процесінде оның басқада мәтіндермен қатынасын анықтап, алдыңғы,
қазіргі және кейінгі мәдениеттердің диалогтық контекстіне еніп қана қоймай, сонымен бірге өзін
барынша паш етуге мүмкіндік беретін эстетикалық-дүниетанымдық ұстанымын және көркемдік
формаларын дамытады. Интертекстуалдылық тұжырымдамасы опера феномені тек музыкалық
ғана емес, сонымен қатар философиялық, мәдени және тілдік позициялардан да қарастыруға
мүмкіндік беретін іргелі постмодерндік классикалық емес философия идеясынан шығады. Опера
белгілер жүйесі: әндер, ариялардың әртүрлі түрлері, билер, сондай-ақ әртүрлі сюжеттік желілер
мен музыкалық параметрлер жиынтығы ретінде қарастырылады. Ұлттық музыкалық-көркем
материалға қатысты батыс философиясының жоғары теориялық жетістіктерінің көрінісі ретінде
интертекстуалдылық тұжырымдамасын пайдалану - белгілі опералық шығармаға жаңа көзқараспен
қарауға және «Қыз Жібек» операсының қазақ музыкалық және батыс еуропалық опералық дәстүріне
негізделген дәуірдің бірегей өнімі екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-12

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ракишева D. B., Саркулова M. S., & Агзамова N. S. (2023). Интертекстуалдылық философиясы «Қыз Жібек» операсын зерттеу әдісі ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 145(4), 286–299. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-286-299

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ