Ұлттық зиялы қауымның Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тыл жұмыстарына жұмылдырылған қазақтарға көмек ұйымдастыру жөніндегі қызметі
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 113
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-39-50Кілт сөздер:
Бірінші дүниежүзілік соғыс; қазақтар; жұмылдыру; бұратана халық; тыл жұмыстары; реквизиция; Түркістан; Дала өлкесі.Аңдатпа
Мақалада Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тыл жұмыстарына жұмылдырылған қазақтарға көмек көрсетуді ұйымдастырудағы «Алаш» қозғалысы мен қазақ зиялыларының рөлі зерттеледі. Авторлар, 1916 жылдың жазында басталған «бұратана» халықты тыл жұмыстарына жұмылдыру, 1917 жылы ақпанда автократия құлатылғаннан кейін де жалғасып, еңбек тұрғындарының жаппай наразылығын тудырды, деп атап өтті. Реквизициялаудың басталуымен жұмылдырылған қазақтарға көмек ұйымдастыру жөніндегі қоғамдық комитеттердің қызметі жанданды. Мақалада Әлихан Бөкейхан мен оның серіктестерінің Минск қаласындағы Батыс майдандағы Одақ комитетінің жанынан тыл еңбеккерлерінің өмір сүру және жұмыс істеу жағдайларын бақылайтын, оларды тамақтандыру және емдеу мәселелерімен айналысатын бұратана ел бөлімін құрудағы қызметі мен оның тікелей қатысуы зерттеледі. Мақала авторлары «Алаш» қайраткерлерінің тыл қызметіне жұмылдырылған қазақ жұмысшыларын дереу қайтару және одан әрі жұмылдыруды тоқтату туралы талаппен жасаған көптеген өтініштерінің нәтижесінде, Уақытша үкіметтің қазақтарды тыл жұмыстарына жұмылдыруды тоқтата тұру туралы арнайы жарлық шығаруға мәжбүр болуды деген қорытындыға келеді. Жалпы, мұрағат құжаттарын талдау кезінде, тыл жұмыстарына жұмылдырылған отандастарға көмек көрсету жөніндегі Бұратана ел Бөлімінің жұмысына білімді қазақ жастарын тарту, оларға елеулі саяси мектептен өтуге мүмкіндік бергенін және олар кейінгі революциялар кезеңінде өздерін толық көрсете алғанын сипаттайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Sulushash R. Sarmanova, Mahabbat M. Kozybayeva, Khalil B. Maslov
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.