Алтын Орданың түркілік элитасы


Қаралымдар: 170 / PDF жүктеулері: 242

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-51-61

Кілт сөздер:

Бектер; Алтын Орда; түркілік элита; әлеуметтік статус; Алаша бахадүр.

Аңдатпа

Мақалада  Алтын Орданың  күрделі және ауқымды басқару жүйесіндегі түркілік саяси элитаның қалыптасуы, олардың ерекшеліктері мен орны талданды. Моңғол империясы ыдыраған соң пайда болға барлық мемлекеттермен салыстырғанда Алтын Орданың әкімшілік құрылымы өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Соның ішінде көшпелі түркі-моңғолдық ақсүйектердің Алтын Орданың қоғамдық саясии өмірінде белсенді рөл атқаруы, басқару құрылымында орын алуы әскери ақсүйектер (нояндар, бектер, әмірлер) шенінен көрініс берді. Мақалада түркілік саяси элитаның қызметін талдауда негізінен ортағасырлық жазба деректермен қатар шежіре, батырлық жырлар мен аңыздардың мәліметтеріне назар аударылды. Жазба дерек мәліметтері тарихи жырлар мен қазақ шежірелерінің нұсқаларымен салыстырмалы түрде берілді. Мақалада көшпелі түркі-моңғол тайпаларынан шыққан тұлғалардың алтынорладық саяси элитаға айнауының біреше жолдары мен оған ықпал еткен факторлар талданды. Жергілікті ру-тайпа өкілдерінен шыққан бектер Алтын Орда тарихында ерекеше рөл атқарған ықпалды тұлғалар ретінде тарихта қалды. Қыпшақтану үдерісі нәтижесінде Шыңғыстық идеология өзгерістерге ұшырады. Дегенмен, ол ендігі тұста посталтынордалық, соның ішінде кейінгі Қазақ хандығында да өзіндік дүниетанымды қалыптасырып, халқымыздың тарихында бүгінгі күнге дейін олар аңыздар, жыр дастандарда және сәулет өрнерінің ескерткіштері күйінде сақталып қалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ноғайбаева, М. С. . (2023). Алтын Орданың түркілік элитасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 144(3), 51–61. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-51-61

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР