Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңестік үгіт-насихат арқылы Батыс Қазақстандағы еңбекші әйелдерді патриоттық жұмылдыру


Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 103

Авторлар

  • Арайлым Тапалова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педаогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-62-74

Кілт сөздер:

Тыл; кеңестік үгіт-насихат; еңбекші әйелдер; Батыс Қазақстан; Екінші Дүниежүзілік соғыс; патриоттық жұмылдыру.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңестік үгіт-насихаттың Батыс Қазақстан облысындағы тылдағы еңбекші әйелдерге әсері қарастырылған. Күрделі және қиын еңбек жағдайларына қарамастан, бұл аймақтың әйелдер арасында патриотизмді насихаттау және оларды тылдағы ер адамдар жұмысын алуға ынталандыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары арқылы жұмылдырылды. Зерттеу екі негізгі сұрақты қарастырады: кеңестік үгіт-насихат осы аймақтағы әйелдерді тыл жұмыстарына қалай жұмылдырды және бұл олардың күнделікті өміріне қандай әсер етті? Зерттеу әдістемесі мерзімдік баспасөзге, естеліктер мен хаттар сияқты дереккөздерге сүйенеді. Сонымен қатар, бұл зерттеуде Коммунистік партияның үгіт-насихат аппаратының қызметін түсіну үшін құжаттық дереккөздер пайдаланылады. Зерттеуден алынған нәтижелер соғыс жылдарындағы кеңестік үгіт-насихаттың әйелдердің еңбек этикасына әсерін жақсырақ түсінуге және әйелдер мәселесі тарихнамасына құнды үлес қосады. Бұл мақала Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңестік насихаттың жұмысшы әйелдерге әсерін түсінуімізге ықпал етеді және белгілі бір аймақтағы жұмысшы әйелдердің күнделікті өмірі туралы түсінік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР