Ұлытау ландшафтының мәдени символикасы
Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 85
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-199-217Кілт сөздер:
Ұлытау; мәдени ландшафт; киелі орындар; естелік орындар; ревитализация; мемлекеттілік; тарихи жады; ұжымдық жады.Аңдатпа
Мақалада Ұлытаудың мәдени ландшафтының жандану үрдістері қарастырылған. Кеңестік кезеңдегі ең «жасырын» өңірлердің бірі Ұлытаудың маңыздылығын қалпына келтіру үшін тарихи нысандар туралы құжаттар саяси шешімдер қабылдау және тұжырымдамалық міндеттер деңгейінде талданады. Ұлытау ауданында орналасқан тарихи нысандардың символдық мазмұны қалай жаңарып, бұл нысандардың туристік мазмұндағы ірі кешендерге қайта қалпына келтірілгендігі зерделенеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан өңірді ревитализациялау науқаны 1992 жылғы Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш Құрылтайдан бастау алып, бүгінгі күні Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын атап өту шарасына дейін жалғасын тапты. Мемлекет тарапынан жүргізілген стратегиялық бағдарламалар, оның ішінде «Рухани жаңғыру» аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы төңірегінде Ұлытаудың тарихи-мәдени маңызы бар орындары қайта түгенделді. Бір жағынан, Ұлытау Қазақ хандығының шаңырақ көтерген орны саналып, мемлекеттіліктің, елдіктің, бірліктің нышаны танылса; екінші жағынан, киелі нысандар көп шоғырланған, этнографиялық туризм әлеуеті жоғары өңір. Автор Ұлытау ландшафтының символикасы үш түрлі мағыналық ұстаным арқылы: біріншіден, Ұлытау мемлекеттіліктің бастауы, елдіктің нышаны; екіншіден, аспан асты мұражай ретінде; үшіншіден, туристтік орталық ретінде қарастырып, мәдени әлеуетін саралайды. Аталмыш мақала ғаламтордың ашық көздерінде жарияланған қолжетімді мәліметтер, мұрағат құжаттары, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында жарық көрген еңбектер және сарапшылардан алынған тереңдетілген сұхбат нәтижелеріне сүйенген эмпирикалық деректер негізінде әзірленген.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Фарида М. Мусатаева.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.