Саяси ислам әлде консерватизм: Деобандия қозғалысының типологиясы


Қаралымдар: 116 / PDF жүктеулері: 124

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-178-189

Кілт сөздер:

Деобандия қозғалысы; Талибан қозғалысы; Таблиғи Жамағат; Саяси ислам; консерватизм; діни экстремизм; радикализм.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада исламдағы діни қозғалыстарға қатысты типологиялау мәселесін негізге ала отырып, ХІХ ғасырда Үндістан жерінде пайда болып, түрлі кезеңдерден өткен Деобандия қозғалысының жалпы сипаты, тармақтары, саяси һәм діни ағартушылық бағыттағы істері талданады. Осылайша, Деобандия қозғалысынан бастау алатын діни-саяси топтардың типологиясы жасалады. Қозғалыстың бастауы, отарлық үкіметпен қатынасы, тармақталуы, саяси шешімдерге араласуы, діни білім берудегі қайнар көздері, құқықтық һәм ақидалық мәзһабы, мен қазіргі жай-күйі секілді мәселер бойынша жүйелі қорытынды жасалады. Мұндай жан-жақты талдау жасалмай белгілі бір діни қозғалыстың мәнін ғылыми негізде ашу мүмкін емес. Деобандия қозғалысының тарихи шарттарға орай түрлі тармақтарға бөлінуі типология проблемасына саяси контекстте талдау жасауды қажет етеді. ХХ ғасырда ислам әлемінде саяси ислам құбылысының бой көрсетуі аталмыш қозғалыстың кейбір тармақтарының партия түрінде саясатқа араласуына әсер етсе, енді бір бағытының радикалданып аймақтағы геосаяси жағдайларға ықпал ететіндей милитар күшке айналуына алып келді. Сондықтан, классикалық діни білім беруден басталған Деобандия қозғалысының ХІХ ғасырда отарлықпен және ХХ ғасырда жаңа саяси құрылыммен астасып жатқан саяси тәжірибесі аталмыш қозғалысты типологиялау ісінде маңызды фактор ретінде қарастырылуы қажет.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ