Ұжымдық естеліктердің трансформациялары: Қобда ауданының мәдени кеңістігіндегі өткен шақтың бейнелері
Қаралымдар: 125 / PDF жүктеулері: 235
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-200-218Кілт сөздер:
Қобда ауданы; Қобда; мәдени ландшафт; мәдени мұра; советтік; постсоветтік; гибридизация, естелік тәжірибелері; кесене; мешіт; батыр; естелік аллеясы.Аңдатпа
Мақалада Ақтөбе облысы Қобда ауданының мәдени ландшафтындағы естелік орындарын зерттеу нәтижелері баяндалады. Зерттеу барысында ұжымдық естеліктердегі кеңестік паттерндер мен бейнелерді қайта қарау, өткен заманның тарихи тұлғалары мен оқиғаларын жадыдан шығару немесе шығармау процестеріне назар аударылды. Кеңес заманынында мәдени ландшафта орныққан жекелеген «қаһармандық» бейнелерді ұмыту үрдістерін кейбір жергілікті ескерткіштерді мемлекет қорғауындағы тарих және мәдениет ескерткіштер тізімінен алынып тасталуынан байқауға болады. Әлия Молдағұлова сияқты Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының маңыздылығы өңірлік және жалпыұлттық ұжымдық естеліктерде әлі де сақталуда, алайда олардың бұрынғы дәрежесі мен орны өзгерді. Қобда ауданында өткен замандардың батырлары туралы дискурстың аясы кеңейіп, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің бейнелері соның шеңберінде ғана қарастырылып, жергілікті өңірдің басты батырлары ретінде Қарақыпшақ Қобланды және Исатай Тайманұлы сияқты тарихи тұлғаларды дәріптеу үрдісі артып келеді. Сондай-ақ, бодандыққа дейін, бодандық және кеңес замандарында өмір сүрген батырлардың бейнелерін символикалық жолмен ұштастыру үрдістерін зерттеумен қатар, Қобда ауданындағы орталық мешіт аумағының жергілікті халық үшін маңызды ұжымдық естелік орнына айналуын, мешіттің жаңа қоғамдық кеңістік ретінде қалыптасуын бейнелейтін кейстер қарастырылды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Мейрам Ж. Кикимбаев, Дана Е. Оразбаева
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.