Гуманистік қағидалардың трансформациясы: қиянатсыздық қағидалардың әлеуеті


Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 97

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-244-256

Кілт сөздер:

қоғам трансформациясы; қиянатсыздық қағидалары; пацифизм; бейбітшілік; соғыс; прагматикалық ұстаным; даму.

Аңдатпа

Соңғы кезде әлемдік мастштабта және локальді тұрғыда қазақстандық кеңістікте қоғам трансформациясы, дамудың жаңа траекториясы туралы мәселелер жиі талқылануда. Қоғамның барлық дерлік топтарының трансформацияға деген мұқтаждығы талқылау алаңын саяси-идеологиялық өлшемнен әлдеқайда кеңейтуде. Қоғамның сапалы трансформациясы әуелінде жеке тұлғалардың дүниетанымдық бағдарларларының сапалы трансформациясына негізделуі тиіс екендігіне назар аударамыз. Ұсынылып отырған шолу мақаласында автор қоғам трансформациясы барысындағы қиянатсыздық қағидаларына жүгіну мүмкіндіктерін қарастарған. Мақалада қиянатсыздық қағидалары ұтымды қолданыла алатындай негізгі бағыт-бағдарлар жіктеліп көрсетілген. Барлық бағыттарда қоғамдық институттардың ғана емес, жеке тұлғалар тарапынан рефлексияның орын алуы ұйғарылады. Қиянатсыздық философиясының негізгі қағидалары ежелде қаланғанымен, өткен ғасырда олардың теориядан практикалық алаңда қолдану үрдістері орын ала бастады. Яғни, қиянатсыздық мүмкіндіктері нақты қайшылықтарды еңсеруге тиімді екендігіне көз жетті. Қиянатсыздық позициясы абстрактілі ұстаным ғана емес, қоғамдық қарым-қатынастарда нақты құрал ретінде қолданыла алатындығы айқындала бастады. Өз кезегінде бұл үдеріс қиянатсыздық әлеуетін қоғам институттарының қызметтірін қайта қарастыруға негіз бола алады. Мақалада қиянатсыздық мәселелелерң талданған заманауи зерттеушілер жұмыстары бағамдалып, олардың қазіргі кездегі қазақстандық қоғамды трансформациялауға қатысты мүмкіндіктері зерделенген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мустафина, Т. В. . (2023). Гуманистік қағидалардың трансформациясы: қиянатсыздық қағидалардың әлеуеті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 144(3), 244–256. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-244-256

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ