Бітімгершілік дискурстары: ғылыми ортада қалыптасу процесі


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 74

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-257-268

Кілт сөздер:

бітімгершілік; бітімгершілік рәсімі; бітімгер; медиация; бітімгершіліктің модельдері; келіссөз; бейтарап тұлға; дауларды шешу.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Қоғамның дамуы мемлекет пен азаматтық қоғам арасында тұрақты байланыстың болуын талап етеді. Бұл азаматтық қоғам институттарымен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін диалогтың бір түрі. Осыған сүйене отырып, қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында ғана емес, жаһандану процестерінің күшеюі жағдайында оларды азайту үшін бітімгершілікті жүзеге асырудың жаңа әдістерін үнемі іздеу өзекті болып табылады. Заманауи талаптарға сай, азаматтық қоғамның  менталдық және әлеуметтік-мәдени өзгешелігіне сәйкес келетін бітімгершілік рәсімдерін құрылымдау теоретикалық және практикалық негіздерін жан-жақты зерделеуді талап етеді. Сондықтан ғылыми-академиялық ортадағы, шетелдік дискурстардағы бітімгершілікке қатысты ақпараттық шолу жасау қажеттілігі туындайды. Аталмыш мақалада «бітімгершілік» ұғымына терминологиялық талдау жүргізілген және аудармашылық жұмыстың екіұштылығы ұғымдық-категориалдық аппарата түсініспеушілікке алып келетіндігі анықталған. Сонымен қатар, бітімгершіліктің халықаралық ұйымдар мен ғалымдардың берген анықтамаларын талдай келе, авторлар оны айғақтайтын параметрлері мен құрамдас бөліктерін жіктеген. Бітімгершіліктің теоретикалық модельдер топтамасы бірнеше ғалымдардың әдіс-тәсілдерін сәйкестендіру арқылы ортақ құрылымға жүйелендірілген. Мақаланың ерекшелігі ретінде «бітімгершілік» терминінің қазақ тілді ғылыми және әлеуметтік ортада қолдану аясы және оның шетелдік тәжірибеден ерекшелігін дәйектеп талдауында. Ұсынылған мақала би-шешендер институтын, қазақ философиясындағы қоғамдық және әлеуметтік келісім теориясын, кофликттерді конструктивті реттеу мәдениетін зерттеуші жас ізденушілерге қажетті материал болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ