Religious «Nones», секулярлық және виртуалдық: философиялық талдау


Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-271-285

Кілт сөздер:

дін; діндарлық; руханилық; секуляризация; постсекуляризация; цифрландыру; виртуалдық.

Аңдатпа

Постмодерн дәуіріндегі діндарлықтың өзгеруіне қазіргі қоғамның саяси трансформациясы үдерістері және әлеуметтік-экономикалық қиындықтар мен дағдарыстар айтарлықтай әсерін тигізді. Секулярлық үрдістер мен зерттеулерді діннің маңызын бағалаумен қатар діни сана мазмұнындағы өзгерістерді зерттеу өлшемдерін іздеуге негізделген постсекуляризм теориясы алмастыруда.

Мақалада секуляризмнің классикалық теориясының негізгі қағидаттарына шолу жасалып, баға берілген, авторлардың пікірінше олар дінді виртуалдандыру әсерінен жүріп жатқан діннің трансформациялану үдерістерін түсіну тәсілдерін байыптауға негіз болып саналады. Заманауи қоғамдар діни нанымдар, ғылыми идеялар, күнделікті және мифологиялық сана және т.б. көптеген элементті біріктіретін сегменттік, плюралистік және синкреттік сипаттағы жеке діни сана құрылымының елеулі өзгерісімен сипатталады. Зерттеушілердің пікірінше діни айдентиканың бір мәнді формалары, әсіресе батыс қоғамдарында өте сирек кездеседі. Дәстүрлі дін, қазіргі мифология және мистицизм элементтерінің үйлесімі, ең алдымен, «пайдаланушының» әртүрлі әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. Мақалада қазіргі ақпараттық орта мүмкіндіктерінің кеңеюі және діннің әлеуметтік институт іспетіндегі өзгерістер үрдістері контексіндегі постсекуляризмнің ерекшеліктері жайындағы сауалдар ашықталады. Әдетте, бұл сауалдар діни сананың жаңа формаларын көрсету үшін дін мен бей-діннің (non-religion) концептуал бинарлығының аясынан шығуға ұмтылатын зерттеу салалары ретіндегі «non-religion studies» деп аталатын мәселеге әкеледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-12

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Лифанов, С. А., Лифанова, Т. Ю., & Оразалиев, Б. А. (2023). Religious «Nones», секулярлық және виртуалдық: философиялық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 145(4), 271–285. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-271-285

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ