Соғыс жылдарындағы (1941-1945 жж.) Қазақ КСР балалардың панасыздығы мен қараусыздығына қарсы күресте балалар қабылдағыш-таратушыларының рөл
Қаралымдар: 419 / PDF жүктеулері: 155
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-8-25Кілт сөздер:
балаларды қабылдап-тапсыру бөлімдері; панасыздық; қараусыздық; балалар қылмысы; Қазақ КСР; Ұлы Отан соғысыАңдатпа
Ұлы Отан соғысы жылдарында НКВД-ның балаларды қабылдап-тарату бөлімдері панасыздық пен қараусыздыққа қарсы күресте маңызды рөл атқарды. Олардың жұмысы кеңес балаларын Денсаулық сақтау Халком, Ағартухалкомы, әлеуметтік қамтамасыз ету Халкомы сияқты балалар мекемелеріне бөлу процесін реттеуге көмектесті. Мақалада 1941-1945 жылдардағы Қазақ КСР-індегі балаларды қабылдап-тарату бөлімдерінің жұмысы қарастырылады. Отандық және шетелдік архивтардың деректеріне сүйене отырып, авторлар мемлекеттік ауқымдағы үлкен проблемаға айналған балалардың панасыздығы мен қараусыздығының соғыс жылдарында тұрақты өсу динамикасын көрсетеді. НКВД-ның балаларды қабылдап-тарату бөлімдерінің жаппай жұмысы мәселені шешудің элементтерінің бірі болды. Республикада балаларды қабылдау бөлімдерінің саны да, олардың өткізу қабілеті де өсті. Авторлар кәмелетке толмағандардың НКВД-ның балаларды қабылдап-тарату бөлімдері түсуінің негізгі көздерін, балалардың өмірлік қиын жағдайларға жиі түсу себептерін және тәрбиеленушілерді одан орналастыру мәселелерін анықтады. Сонымен қатар авторлар Қазақ КСР облыстары бойынша қабылдап-тарату бөлімдеріндегі балалардың жағдайларын, қабылдап-тапсыру бөлімдеріндегі балалардың азық-түлікпен, мектепте оқыту мен медициналық қызмет көрестудегі қажетті заттармен қамтамасыз етумен байланысты проблемаларын зерттейді. ҚазақКСР-індегі панасыздық пен қараусыздыққа қарсы күрес шарасы ретіндегі НКВД-ның балаларды қабылдап-тарату бөлімдерінің қызмет ету мәселелерін авторлардың бұрын қолданыста болмаған архив құжаттары негізінде қарастыруы жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Әбдікәрімова Жанар Қ., Сактаганова Зауреш Г.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.