Шындыққа ұмтылу - өмір сүру мен жазудың қозғаушы күші ретінде: Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатованың өмірі мен мемуарлық шығармалары (1915-2013)
Қаралымдар: 239 / PDF жүктеулері: 271
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-41-57Кілт сөздер:
Орталық-Азия зерттеулері; қуғын-сүргін; мемуарлық шығармалар; естеліктер; өмірбаян; травма, интеллигенция, жады; қартаю; архивАңдатпа
Мақалада «халық жауы» отбасының мүшесі Гүлнәр Дулатованың естеліктері зерттеліп, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған отбасы мүшелерінің естеліктері арқылы олардың қартаюы қарастырылған. Типологиялық және хронологиялық тұрғыдан талданатын әйелдер 2 түрлі уақыт тіркесіне бөлінеді: 1900 жылдардың басында туған ерлі-зайыптылар – қартаю процессі 1960 жылдарға түскен, және 1920 жылы туған балалар – қартаю процессі 1980 жылдарға түскен. Г.Дулатова 60-тан 95-ке толғанға дейін өмірін репрессияға ұшыраған әкесінің мұрасын жаңғыртуға арнады - зерттеу жұмыстарын жүргізді, мемуарлық кітаптар, мақалалар жазып, сұхбат берді. Бұл жұмыс оның қартайған сайын жазуға деген ұмтылысының мотивациялық негізін анықтауға бағытталған алғашқы әрекетті ұсынады. Жұмыста қуғын-сүргінге ұшырағандардың отбасыларының қартайған мүшелерінің қуғын-сүргін зардаптарымен қалай күрескені және мәжбүрлі түрде үнсіздік пен жеке жарақаттарға қарамастан олардың естеліктері қалай жұмыс істегеніне талдау жасалған. Әділдік пен ерік-жігер Гүлнар Дулатованы және басқаларды жігерлендіріп, рухтандырғаны анықталды. Бұл кітаптар, мақалалар саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ретінде жазылды және оларды орындауға міндетті парыз ретінде қабылдады. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірінші буынына ғана емес, екінші буынына да ауыр тиді. Кейбір жағдайларда саяси қуғын-сүргін құрбандарының үшінші, тіпті төртінші буындарында да жарақаттармен күрес жалғасуда, бұл оларды сталиндік репрессивтіліктің бүгінгі күні де тудыратынын көрсетеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Асанова Динара
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.