КСРО Министрлер Кеңесіндегі баяндамалық жазбалар бойынша 1950 ж. аяғындағы Солтүстік Қазақстан облысындағы неміс халқының діни өмір тарихы (Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві материалдары негізінде)


Қаралымдар: 209 / PDF жүктеулері: 270

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-92-109

Кілт сөздер:

Қазақстан тарихы; діни күнделікті өмір; Германия халқы; тың; діни саясат

Аңдатпа

Мақала 1950 жылдардың аяғындағы Ақмола өңіріндегі неміс халқының күнделікті діни өмірін зерттеуге арналған. Осы жылдары Қазақстан тың және тыңайған жерлерді игерудің орталығына айналды, КОКП-ның ХХ съезінен кейін кеңестік биліктің діни саясаты қатаңдатылып, дінге қарсы күрес жанданды. Кеңес мемлекетінің дінге қатысты қатаң бағыты, неміс халқының өздерінің діни қағидалары мен ұлттық мәдени құндылықтарын ұстануға кедергі бола алмайды. Неміс халқы Қазақстан аумағына қоныс аударған кезден бастап өздерінің мәдениетіне, этникалық бірегейлігі және діни салт-дәстүрлеріне негізделген мықты шаруашылық қауымдастықтарын құра алды. Мақала авторлары тарапынан неміс халқының күнделікті діни өмірі Солтүстік Қазақстан облысының Діни істері жөніндегі Кеңесінің тұрақты өкілі В.П. Ляпуновтың құпия баяндамалары бойынша талданады, бұл неміс халқының күнделікті діни өмірінің құбылмалылығын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ діни салт-дәстүрлердің өміршеңдігін айқындайды. Авторлар дінге қарсы күрес жағдайында өздерінің жеке басы мен мәдениетін сақтауға күш салған неміс қауымдастықтарының діни тәжірибесіне баса назар аударады. Кеңестік және партиялық мекемелердің қарсылығына қарамастан, осы кезеңде Солтүстік Қазақстандағы дінге сенушілер мен оларды қолдаушылардың үлесі едәуір дәрежеде болғаны ғылыми тұрғыдан негізделеді

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-06

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мажитова, Ж. С., Ильясова, К. М. ., Шамшиева, Г. С. ., Шукеева, А. Т. ., Еспенбетова, А. Т. ., & Утегенов, М. З. . (2023). КСРО Министрлер Кеңесіндегі баяндамалық жазбалар бойынша 1950 ж. аяғындағы Солтүстік Қазақстан облысындағы неміс халқының діни өмір тарихы (Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві материалдары негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 145(4), 92–109. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-92-109

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР