1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы Кеңес мемлекетінің жерге орналастыру саясаты (Ертіс өңірі материалдары бойынша)
Қаралымдар: 177 / PDF жүктеулері: 414
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-128-141Кілт сөздер:
Кеңес үкіметі; жерге орналастыру; жер нормасы; реформа; тәркілеу; ауыл шаруашылығыАңдатпа
Мақала 1920-1930 жылдардағы кеңестік жер саясаты аясында жер нормаларын қалыптастыру мәселесін зерттеуге арналған. Мақаланың басты мақсаты – Ертіс өңіріндегі жер нормаларын белгілеу, жерге орналастыру жұмыстарының құрылымын, іске асырылу барысы мен нәтижелерін зерттеу болып табылады. Сондай-ақ жерге орналастыру жұмыстары барысындағы жергілікті халық арасындағы таптық күрес пен жер дауына қатысты қақтығыстар сынды ғылыми әдебиеттерде жеткілікті түрде қамтылмаған мәселелер қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі дереккөзін – Абай облысының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру» орталығының мәліметтері құрады. Бұрын ғылыми айналымға түспеген деректер негізінде Ертіс өңірінің ұлттық аймақтарындағы жер, әлеуметтік және мәдениетаралық қатынастар кешені туралы мәселесінің тарихнамасы толықтырылды. 1926 жылдан бастап Қазақстан бұрынғы Ресей империясы тұсындағыдай басқа аймақтардан қоныс аударатын өңірге айналып, Ертіс өңірі «артық жер ресурстарын» іздеуде белсенді түрде пайдаланылғандығы анықталады. Мал шаруашылығына сәйкес келетін жер нормативтері қысқартылып, артық жерлер ауыл шаруашылығына және халықты қоныстандыруға қайта бөлінгендігі атап өтіледі. Кеңес үкіметі тарапынан Ресей империясы кезіндегі отарлық жер саясатының қайшылықтарын жоюға талпыныс жасап, алғашында отарлық езгіден босаған тұрғындарды жермен қамтамасыз ету, кейін қоныстандыру саясатын жүзеге асыру бағытында жер нормасын белгілеу, жер қорын анықтау шаралары жүргізілгенімен, нәтижесінде аталған шаралардың ойдағыдай жоспар бойынша орындалмағандығы анықталды. Соның ішінде, Ертіс өңіріндегі жер реформаларының жүзеге асырылу барысы күрделі және біркелкі емес сипатта жүргізілгендігі туралы қорытынды жасалынды
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Айсара А. Оралбекова, Гульнур А. Абенова, Айжан Р. Ботабекова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.