Қазақ саяси дүниетанымындағы Асан Қайғының мұрасы
Қаралымдар: 192 / PDF жүктеулері: 209
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-178-192Кілт сөздер:
Асан Қайғы; жерұйық; заман; қазақ философиясы; саяси көзқарас; қазақ ойы; рухани мұра; тарихи сана; саяси ой; саяси институттар.Аңдатпа
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап ұлттық философияны зерделеу тереңдей түсті.
Әлемдік ғылыми қауымдастықта Қазақ философиясы да өзге елдерден кем түспейтіндігін дүние жүзіне
жария етті. Әр жылдар сайын ұлттық дүниетаным негізінде діліміздегі ой толғам ерекшеліктерін,
оның төлтумалылығын ашып беруге арналған зерттеулер жүргізіліп келеді. Бастапқыда белгілі бір
кезең тұтасымен зерттелсе, кейінгі уақытта бір ғана ойшылдың рухани мұрасы, саяси ұстанымы,
шығармалары философиялық зерттеу объектісіне айналуда. Біз қарастырып отырған, зерттеуде
Асан Қайғы бабамыздың «заман» туралы толғаулары мен саяси ойларын негізге алдық.
Асан Қайғының «Қилы заман» ұғымы мен саяси ойларын зерделеу ішкі мағынасын ашып
көрсету ғылыми мақаламыздың мақсаты. Алдымызға қойылған зерттеу жұмысында, біз сол
замандағы күн тәртібіндегі мәселені саралау үшін оған әр түрлі тұрғыдан келіп, бұл түсініктің
мазмұнын теориялық түрде толығырақ байыптауды жөн көрдік.
Мақалада Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей сұлтанның ақылгөйі болған,
абыз, ойшыл Асан Қайғының жыр жолдарындағы елдің болашағы мен саяси ойларының даму
эволюциясына мән беріледі. Заман ұғымына тек қана қазақи түсінікте емес, шет елдің белгілі ғалым,
философтарының еңбектеріндегі анықтамамен салыстырмалы қарастыруға талпыныс жасалады.
Тарихи сана тұрғысынан сол заман үшін Асан Қайғының ой, жырлары халықтың көңілінен шығып,
Қазақ хандығының толыққанды өз алдына мемлекет болуына әсер еткендігі айтылады. Мақаланың
мазмұнында сонау түркі дәуірінен басталған саяси ойлардың үздіксіз және бүгінгі күнге дейін
жеткендігі көрініс табады
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Гаухар А. Абдиразакова, Рауан А. Кемербай, Бауыржан М. Божбанбаев, Nurbek S. Pussyrmanov.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.