Қазақ шындығындағы домбыра құбылысы


Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 200

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-168-179

Кілт сөздер:

құбылыс; музыкалық аспаптар; мәдениет; орындаушылық дәстүр; аспаптық жанрлар; домбыра; домбыра күйі; дала үні.

Аңдатпа

Домбыра – көне дәуірде пайда болып, бүгінгі күнге дейін сақталып келген ең көп қолданылатын музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра Алтайдан Анадолыға дейінгі түркі халықтарының арасында кең тараған. Археологиялық қазбалар мен тас ескерткіштерге сүйенсек, домбыраның шығу тегі көне түркі дәуірінен басталады. Түркі халықтарының алтын бесігі – Алтай таулары домбыраның отаны саналады. Белгілі түркітанушы Сартқожа Қаржаубайұлының зерттеуі бойынша Моңғол Алтайының етегіндегі Жарғалант-Қайырқан жотасындағы үңгірден домбыраға ұқсайтын екі ішекті, тоғыз пернелі музыкалық аспап табылған. Көне түркі дәуірінде домбыра аспабы кеңінен қолданылғанын қылыш пен қанжар тәрізді сабы бар тас балбалдардан ойып жасалған затты ұстаған адамның бейнелері дәлелдейді. Бұл мақала жоғарыда аталған құбылысты жан-жақты және терең зерттеу үшін философиялық талдау мәселелеріне арналған. Сонымен қатар, бұл мақалада дәстүрлі қазақ мәдениетіне тән белгілер, сондай-ақ халықтық музыкалық жанрлардың өмір сүру ерекшеліктері жинақталған. Посткеңестік дәуірдегі мәдениет пен музыкалық шығармашылықтағы домбыра құбылысы және оның қазақ халқының іс-әрекетінің дамуына ықпалы туралы тарихи деректер қарастырылады. Мақалада сондай-ақ стандартты зауыттық домбыраның түрлері сипатталып, Қазақстанда кең тараған халық музыкалық аспабы домбыраның конструкциясы мен жасалу ерекшеліктері, домбыра түрлері, табиғи және полимерлі материалдан жасалған ішектілердің физика-механикалық қасиеттері айқындалған. Зерттеу нәтижелері бүгінгі таңда шешімін табу мүмкін емес көптеген өзекті мәселелерге тереңірек үңілуге мүмкіндік береді: әртүрлі этностар арасындағы мәдени айырмашылықтарды теңестіру, жаппай тұтынатын жаһандану дәуірінде ұлттың өзін-өзі сәйкестендіруін сақтау.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Копбай A. . (2022). Қазақ шындығындағы домбыра құбылысы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 138(1), 168–179. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-168-179

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ