«Философия» пәнін оқыту философиясы


Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 285

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-180-196

Кілт сөздер:

оқыту философиясы; философиялық автобиография; ізгілік ізі; пре-пост жазба; ойлану фазасы; әрекет фазасы.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бүгінгі күнігі оқыту - тек айғақтар мен ақпараттарды бір адамнан екінші адамға көрсету және баяндау арқылы берілетін іс-әрекет емес, керісінше, біздің практикалық біліміміз бен әлемді түсінуіміздің тәжірибемізге сүйене отырып әрбір білім алушының жеке-жеке құра алу мүмкіндігін беру. Білім алушының тәжірибесі көп болған сайын оның өзгеру және даму ынтасы арта түседі. Философия – адамзаттық болмыс негізі мен принциптерінің іргетасы, адамның табиғатқа, қоғам мен рухани өмірге деген қатынастарының мәндік сипаттары туралы жасақталған ілімдер жүйесі, әлемді танудың ерекше формасы және рационалды құралдар арқылы әлемнің жалпылама картинасын құру мен ондағы адамның рөлін анықтауға ұмтылатын болғандықтан оны оқыту философиясы да күрделі болары анық. Мақалада «Философия» бағыты бойынша білім беру бағдарламасын игеріп жатқан студенттер мен өзге білім беру бағдарламаларында оқып жатқан студенттерге арналған жеке білім беру тәжірибесі, оқу бағдарламасына сәйкес оқыту сабақ нұсқалары беріліп, сыналған контекстік факторлар ұсынылады. Аталмыш тәжірибелер «философия» пәнін философ емес студенттерге жүргізу барысында жеке оқу процестерін жеңілдетіп, пәнді тартымды етуге көмектесті. Ең бастысы бұл тәжірибе студенттерді философия пәнін игеру арқылы даналық пен ізгілікті, ақиқат пен адалдықты бойына сіңіру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу сынды терең мақсатқа қызмет етеді. Оған қоса, студенттердің өмір мәнділігін сезінуін, үнемі алға ұмтылып жетістікке жету керектігін, жаңашылдыққа ұмтылып қателесуден қорықпау қажеттілігі сияқты өмірілік сабақтарды үйренудің таптырмас және таусылмайтын шеберлігін дамытуға көмектеседі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ