«Құпия шежіре» – Орталық Азия көшпелілерінің мәдени мұрасы


Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 113

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-147-2-268-287

Кілт сөздер:

Құпия шежіре; генотеизм; түркілер; тұлға; мәдени мұра; сабақтастық.

Аңдатпа

Мақалада ХІІІ ғасырда жазылған «Құпия шежіренің» Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінде алатын орны, бүгінгі күнге жету жолы, өзіне дейінгі және кейінгі сабақтастығы негізінде маңызды тұжырым жасалды. «Құпия шежіре» әлемге аты әйгілі билеуші Шыңғыс ханның VIII ғасырдан бергі ата-тек шежіресі мен өз дәуірінің тарихи оқиғалары өзінің нұсқауымен қағазға түсе бастап, 1240 жылы тақ мұрагері Өгедей ханның тұсында аяқталған. Шежіре ортағасырлық көшпелі түркілер тарихында орын алған мәдени, рухани, әлеуметтік, саяси құбылыстар, олардың дүниетанымы, ру аралық қатынастары мен ел билеген тұлғалары туралы мәліметтерді қамтуымен құнды. Мақалада «Құпия шежіре» мәтініндегі ішкі байланыс, контекстік элементтер, шежіренің қайнар көзі болған түркі халықтарының дастан, тарихи құжаттармен байланысы талданды. «Құпия шежіредегі» генотеизмге, бастапқы ата-тек Бөрте-Чиноның түркі халықтарының ортағасырлық тарихындағы Бөрте-Шене тұлғаларына аналогиялық тұжырым жасалды. Шежіредегі бастапқы негізгі мәліметтер Шыңғыс хан дәуірінен кейін тақ мұрагерлері арқылы тарап, олардың Орталық Азияның әр тұсында билік еткен жерлерінде мазмұн, мотивтері ұқсас көптеген шежірелердің тууына ықпал еткенін көрсетеді. Сондықтан да бұл мақалада «Құпия шежіренің» өзіне дейінгі Ұлы Далада өмір сүрген түркілердің рухани мұраларымен сабақтастығы мен кейінгі шежірелерге ықпалы зерделене отырып «Құпия шежіре» Орталық Азия халықтарына ортақ мәдени мұра ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижелері Орталық Азияның мәдени мұрасын сақтау контекстінде «Құпия шежірені» түбегейлі зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Мақала қазақтың мәдени мозаикалық ландшафтын қалыптастырудағы «Құпия шежіренің» рөлін ескере отырып, бұл шежірені түпнұсқалық тұрғыда терең талдауға шақырады.

Downloads

Download data is not yet available.

Әдебиеттер тізімі

Артықбаев Ж.О. Қазақ шежіресі: ұлы дала тарихының қайнар көзі және тұжырымдамасы. – Астана: Фолиант, 2015. – 496 б.

Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 208 б.

Әуезхан Қ. Тәңіршілдік және Авеста мәдениеті. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/12299. (қарау уақыты 05.10.2015).

Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. – М.: Айрис-Пресс, 2019. – 736 с.

Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 478 б.

Дамдинсүрэн Ц. Монголын нууц товчоо. – Улаанбаатар: Улсын хэвлэлийн газар, 1990. – 257 х.

Дамдінсүрін Ц. Моңғолдың құпия шежіресі (ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көшпелілер шежіресі) / қаз. ауд. – Алматы: Өнер, 2009. – 216 б.

Көпеев М.Ж. Қазақ шежіресі. – Алматы: Атамұра, 1994. – 160 б.

Қашқари М. Түрік сөздігі. – Алматы: Хант, 1997. – Т. 1. – 591 б.

Қожа-Ахмет Х. Заблуждение, длившееся восемь веков. – Алматы: Білім, 2013. – 346 с.

Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. – 368 б.

Палладий К. Старинное монгольское сказание о Чингисхане или «Анекдотическое сказание о Чингис-хане» / пер. с кит. // В кн.: Труды членов Российской духовной миссии в Пекине. – СПб.: Типография В. Безобразова и комп., 1866 – Т. 4. – 258 с.

Поппе Н. Грамматика письменного монгольского языка. – М., 1937. – 196 с.

Пүрэвдорж Д. Монголын нууц товчоо, Монголын түүхийн сурвалж, Чингис хааны судлал, монгол хэл, монголын түүхийн өгүүлэл. – Улаанбаатар: «Содпресс» ХХК, 2016. – 463 х.

Рашид ад-дин Ф.Х. Жамиғ ат-тауарих (Тарихтар жинағы, ХІV ғ.). – Астана: Фолиант, 2018. – Т. 1. – 596 б.

Рашид ад-дин. Сборник летописей / пер. с перс. – М., 1952. – Т. 1. – 534 с.

Салғараұлы Қ. Мыңғұл мен моңғол және үш Шыңғыс. – Алматы: Үш Қиян, 2013. – 172 б.

Сейдімбек А. Балталы, Бағаналы ел аман бол (шежіре). – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 224 б.

Стенли Л-П. Мусульманские династии / пер. В.В. Бартольд. – М., 2004. – 312 с.

Төмөрбагана Б. Монголын нууц товчоон»-ы сурвалж бичиг бар хэвлэлийн судлал. – Улаанбаатар, 2011. – 248 х.

Шамахай С. Құпия шежіре: мәдени-философиялық талдау: философия д-ры (PhD) 6D020100 – Философия маман... дис. Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. –Алматы, 2020. – 147 б.

Шекен Ж. Моңғолдың құпия шежіресі: фольклорлық әдеби негіздері: монография. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2013. – 149 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-08

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шамахай, С. ., Божбанбаев, Б. ., & Саркулова, М. . (2024). «Құпия шежіре» – Орталық Азия көшпелілерінің мәдени мұрасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 147(2), 268–287. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-147-2-268-287

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ