Мақалаларды қарастыру және жариялау рәсімі

1. Мақаланы жіберу процедурасы журналдың веб-сайты арқылы жүзеге асырылады. Журналда мақала жариялау үшін автор(лар) журнал сайтында тіркеледі https://bulhistphaa.enu.kz және журнал сайтында көрсетілген талаптарға сәйкес материалдарды (мақала мен ілеспе хат) жібереді. Қолжазбаны Open Journal Systems (OJS) жүйесі арқылы берілген жағдайда авторлар өз қолжазбаларының барлық нұсқаларына (оны беру кезінде, рецензиялау және ашық жариялау процесінде) қол жеткізе алады. OJS жүйесі мақаланың циклін жіберуден бастап жариялауға дейін бақылауға мүмкіндік береді.

2. Автор (лар) қолжазбалары университеттің білім беру, ғылыми, жарияланым қызметін антиплагиатқа тексеру үшін баспагер қолданатын «Антиплагиат ВУЗ» жүйесі арқылы мәтіндердің түпнұсқалығына сараптамадан өтеді. Қолжазба түпнұсқалығының шекті көрсеткіші 70% төмен болмауы тиіс. Егер жүйе өзге жұмыстардан плагиат, біреудің мәтінін иемдену, сілтеме жасалмаған көшірмелерді анықтап, қолжазба түпнұсқалылығының көрсеткіші көрсетілген шектен төмен болған жағдайда редакция қолжазбаны қабылдамайды. Сонымен қатар редакция қолжазбаны қайта қараудан бас тартуға құқылы.

3. Редакторлар қолжазбаның құрылымдық-техникалық талаптарға сәйкестігін қарастырады.

4. Редакция 4-5 апта аралығында авторға(ларға) мақалаларға пікір беру қорытындысы, қайта жөндеу қажеттілігі және мақаланы жариялау жоспары туралы хабарлайды. Қолжазбаға қойылатын барлық талаптардың орындалуын есепке ала отырып, рецензенттердің, редакциялық алқа мүшелері мен редактордың оң қорытындысы болғанда, қолжазбаны журналда жариялау туралы шешім қабылданады. Шешім қабылданғаннан кейін нәтижелер авторға қолжазбаның жариялануға қабылданғаны/қабылданбағаны туралы хабарланады.

5. Материалдың кезекті санға келіп түскен күні ретінде мақаланың соңғы нұсқасын редактор қабылдаған күннен есептелінеді.