Ғылыми мақалалардың қолжазбаларын рецензиялау тәртібі
Журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалардың қолжазбасы, және ережелерге сай рәсімделгендері міндетті түрде ғылыми пікір беруге жіберіледі.
- Редактор мақаланың журнал бейініне, рәсімдеу талаптарына сәйкестігін анықтайды және оны мақала тақырыбына жақын ғылыми мамандануы бар.
- Сын-пікір беру құпия түрде жүргізіледі. Сын-пікір берушіге де, авторға да жеке мәліметтер және/немесе бір-бірінің ғылыми байланысы туралы ақпарат берілмейді (қос жақты соқыр шолу).
- Рецензиялау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды. Редакция авторға берілген пікірдің қорытындысына қарай қолжазбаның қабылданғаны немесе кері қайтарылғаны, қайта өңдеу қажеттілігі туралы электронды почта арқылы хабарлайды.
- Егер пікірде мақаланы жөндеу мен түзету керектігі айтылса, онда мақаланың жаңа нұсқасын дайындауда оларды ескеру немесе дәйектеу арқылы теріске шығару үшін пікірдің мәтіні авторға жіберіледі. Мақаланы түзету мерзімі – бір ай. Мақаланы қайта түзетуден бас тартқан жағдайда авторлар өзінің шешімі туралы редакцияға хабарлауы керек. Егер авторлар жөнделген нұсқаны пікір жіберілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде кері қайтармаса, онда редакция оны жариялау жоспарынан алып тастайды. Авторларға жөндеуге берілген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаның есептен шығарылғандығы туралы хабар беріледі.
- Мақала кері қайтарылған жағдайда авторға теріс пікірді жібереді. Пікір беруші жариялауға ұсыныс бермеген мақала қарауға қайта қабылданбайды.