Авторлар үшін
Құрметті авторлар!
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы» журналының редакция алқасы авторлардан түпнұсқа мақалаларын жариялауға қабылдайды. Мақаланы жариялау ережелерімен және шарттарымен танысыңыз.
Журнал сайтына мақаланы тіркеу кезінде автордың метадеректерін үш тілде (мақаланың атауы, аннотация, түйін сөздер, авторлардың аты-жөні, жұмыс орны, электрондық пошталары) толтыру міндетті талап болып табылады. Өтінімде мақаланы жариялауға толық ақпарат болмаған жағдайда, мақала жарияланбайды
Мақаланы журнал сайтында тіркеу кезінде автордың метадеректерін үш тілде (мақаланың атауы, аннотация, түйінді сөздер, авторлардың аты-жөні, жұмыс орны, электрондық мекенжайлар) толтыру міндетті талап болып табылады. Мақаланы жариялауға өтінімде толық ақпарат болмаған жағдайда мақала жарияланбайды.
Авторлар (үшеуден артық емес) қолжазбаның екі нұсқасын ұсынуы керек, олардың біреуінде авторлар туралы ақпарат (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы ақпарат) қамтылмауы қажет, себебі «екіжақты жабық» рецензиялауда анонимді мәтін талап етіледі. Сондай-ақ, автор(лар) Ілеспе хат ұсынуы қажет.
Мақаланы жариялау шарттары:
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы» журналының жариялау үшін тек түпнұсқа мақалалар қабылданады. Зерттеуді жүргізуге, оның тұжырымдамасына, дизайнына, орындауы мен түсіндірілуіне маңызды үлес қосқан тұлғалар Телавтор ретінде танылады. Мақаланы дайындауда телавтор ретінде тану үшін жеткіліксіз үлес қосқан тұлғалар «Алғыс» бөлімінде олардың жұмыстарының көлемі көрсетіле отырып аталуы мүмкін.
- Мақалада мақсаттар мен міндеттер, негізгі нәтижелердің сипаттамасы, қорытындылар анықталып, өзектілігі мен жаңалығы айқын болуы керек.
- Жариялауға жолданған мақала бұрын жарияланбаған немесе басқа басылымға жолданбауы керек.
- Ұсынылған мақала журналда қабылданған барлық рәсімдеу талаптарына сай болуы керек (мақаланы рәсімдеу үлгісі, мақалаға библиографиялық деректерді ресімдеу үлгісі).
- Журналда мақала жариялағысы келетін авторлар https://bulhistphaa.enu.kz сайтына тіркеліп, мақаланы сайтта жүктеуі керек.
- Жарияланым тілі: қазақ, ағылшын, орыс.
Ресімдеуге қойылатын талаптар (ресімдеу үлгісі):
- Бірінші бетте мыналар көрсетіледі:
‒ МРНТИ (беттің сол жақ жиегіне туралау)
- Мақаланың атауы. Қарпі-Times New Roman гарнитурасы. Кегль мөлшері - 14 пт. Әріптердің жазылу кескіні - қалың қаріп. Шегініссіз сол жақ жиекпен туралау;
– Автордың (авторлардың) аты, әкесінің аты және тегі мақала атауынан кейінгі бірінші бетте көрсетіледі, қаріп-гарнитурасы Times New Roman. Кегль мөлшері - 14 пт. Әріптердің жазылу кескіні - қалың қаріп. Шегініссіз солға туралау.
- Жұмыс немесе оқу орны, қала, ел, қарпі - Times New Roman гарнитурасы, курсив. Кегль мөлшері - 14 пт. Шегініссіз солға туралау.
- Барлық авторлардың E-mail, orcid.org, қаріп - Times New Roman гарнитурасы. Кегльдің өлшемі - 12 пт, оң жақ жиегі бойынша туралау
- Әрі қарай толық Аннотация берілуі керек (кемінде 150-200 сөз). Аннотация мақаланың мазмұнын қайталамауы керек, жұмыс мәтініне және әдебиеттер тізіміне сілтемелерді қамтымауы керек, мақала мазмұнының қысқаша баяндалуы керек, оның өзгешеліктері, ерекшелігі, жаңалығы, автордың (авторлардың) ашқан үлестері мен тұжырымдары көрсетілуі керек. Аннотацияда тарихнаманы, әдістемені және зерттеу әдістерін шолудан аулақ болыңыз. Қаріп - Times New Roman гарнитурасы. Кегль мөлшері - 12 пт. Ені бойынша тегістеу - 1шегініс.
- Түйінді сөздер. Іздеу жүйелерінде мақаланы индекстеуге мүмкіндік беретін 7-10-ға дейінгі кілтті сөздерді көрсету қажет. Түйінді сөздер "нүктелі үтір" тыныс белгісімен бөлінеді. Қаріп –T imes New Roman гарнитурасы. Кегль мөлшері - 12 пт. Ені бойынша тегістеу - 1шегініс.
- Мәтіндік редактордың параметрлері: жиектері – барлық жағынан 2 см; ені бойынша туралау; қаріп - Times New Roman, өлшемі – 14; жоларалық интервал – 1; абзац шегінісі – 1 см; парақтың бағыты – Кітапша.
- Бөлімге арналған қолжазбаның толық мәтінінің көлемі: 16-20 бет немесе 1-1,5 б.т. Рецензиялар 0,5 б.т., талаптар ғылыми шолулар мен есімнамаларға қолданылады.
- Мәтіндегі кестелер мен суреттер реттік нөмірлеу бойынша орналасады. Атаулар – ортада, шегініссіз. Кестелер мен суреттерге сілтемелер жақшада беріледі, суреттегі заттың орны курсивпен көрсетіледі: (сурет. 1, 2;). Суреттер немесе кестелер көлемі мақаланың 1/3 бөлігінен аспауы керек.
- Әдебиеттер тізімінен сәйкес дереккөзге мәтіндегі сілтемелер жақшаның ішінде жұмыстың бірінші авторын, жарияланған жылын, беттер нөмірін(-лерін) көрсете отырып жазылады, мысалы:
- (Қозыбаев, 1989: 45) немесе (Әбілқожин, 2019: URL);
‒ Егер 2 және одан көп автор болса: а) (Қозыбаев және басқалар, 2022: 45); б) (Қозыбаев, Абылхожин, Тәтімов, 1989: 45);
- Егер тікелей сілтеме болмаса: (Омарбеков, 2022).
Сілтемелер міндетті түрде соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерді қамтуы керек (кемінде бесеу).
Тізімнің қаріпі - Times New Roman, өлшемі ‒ 14, абзац-шегініс 1, ені бойынша туралау.
Архивке сілтемелер мақаланың мәтінінде жақшада беріледі, бірінші рет толық мағынасын ашып жазу (әрі қарай қысқартылған нұсқа түрінде жазылады) ‒ мысалы: (Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (бұдан әрі - ҚР ПА) Ф.141. Оп. 17. Д. 2356. Л. 12.)
- Әдебиеттер тізімі екі нұсқада берілген (әдебиеттер тізімі: дизайн үлгісі):
‒ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен (автордың аты-жөні, жұмыс атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерді қолданған кезде тізімде түпнұсқа тілінде алфавиттік ретпен ресімделеді.
- Латын транслитерациясындағы тізім (https://translit.ru Ішкі істер министрлігі іспеттес), оның шеңберінде төртбұрышты жақшада ағылшын тіліне аудармасы беріледі. Егер сілтемелер ағылшын тілінде болса, транслитерация қажет емес.
Авторлық мақалаларға сілтемелер 20-25% -дан аспауы керек.
Мақаланың соңында қабылданған қысқартулардың тізімін көрсету қажет.