Философия мен өркениет арақатынасы


Қаралымдар: 175 / PDF жүктеулері: 245

Авторлар

  • Хаджи Ахмет Шимшек

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-137-4-155-167

Аңдатпа

Мақалада өркениет пен философияның өзара ықпалдастығы, байланысы, мәдениет пен философияның, мәдениет пен өркениеттің арақатынасы мәселелері зерделенген. Өркениетті адам, кісі, тұлға, әлеуметтік бірегейлік ұғымдары салыстырмалы
талданып, өркениетті қоғамның қалыптасуындағы философияның орны айқындалған.
Адам – әлемнің жасаушысы. Ғасырлар бойы өзінің іс-әрекетімен ол әлемді қалыптастырды, өзгертті және түрлендірді. Ол ашқан материалдық және рухани байлық «өркениет» деген атпен жиналып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мұраға айналды. Бұл
мұраның сақтаушысы – философия. Философия адам әлемін түсінудегі көшбасшылық
рөлін алды, оның басшылығымен өркениеттер дамыды және ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Сол сияқты өркениеттер философиялық ойдың дамуына олардың жинақталуы
арқылы өз үлестерін қосты. Ұлы өркениеттер олардың философиясының іргетастық
қағидаттарына негізделген.
Адам – қоғамдық өмір мен географиялық жағдайлардың әсерінен пайда болған тірі жан.
Қоғам мен мәдениетте, қоршаған орта жағдайлары қосылып, қалыптасқан тірі ағза,
ой әлемін дамытып, өркениеттер құрды. Философияның пайда болуында осы үш элементтің, адамның, қоғамның және қоршаған орта факторларының әсері өте маңызды.
Өркениет тұжырымдамасында қоғамның материалдық және рухани жинақталуы жатыр; мәдениет, өнер және әдебиет негізінен философияның өнімі болып табылады. Бұл
екі тұжырымдаманың арасында осы контексте бір-бірінен ажыратылған құрылым бар.
Құндылықтар – қоғамның негізі. Кез келген өркениет те осы құндылықтарға негізделеді. Философияның құндылықтарды сақтаудағы және оларды келесі ұрпаққа берудегі
рөлі өте маңызды.Философия – біздің өміріміздің ең жарқын айнасы. Бұл айна жекеден
жалпыға жылжу

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шимшек, Х. А. (2021). Философия мен өркениет арақатынасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 137(4), 155–167. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-137-4-155-167

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ