Janasozdik: инклюзивті қазақ сленгтерін кодификациялау


Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 40

Авторлар

  • Леора Айзенберг Гарвард университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-147-159

Кілт сөздер:

тіл; сленг; қазақ тілі; орыс тілі; әлеуметтік желілер; Қазақстан; екітілділік; тіл саясаты; транслингвизм; көптілділік.

Аңдатпа

Мақала қазақ тілінің өзекті мәселелерін пәнаралық талдауға арналған. Қазақ тілі – тарихы ежелгі түркі дәуірінен бастау алатын түркі тілі. Тілдің дамуына көптеген факторлар әсер етеді – әлеуметтік-мәдени, саяси, экономикалық. Ал қазіргі кезде әлеуметтік желілер коммуникация құралы ретінде де, тілді дамытушы, өзгертуші құрал ретінде де үлкен маңызға ие. Бұл мақала инстаграммдағы Janasozdik парағының ел азаматтары көпшілігінің екі тілді шындығын көрсететін қазақ сленгтерін жүйелеп, корпус құруға ұмтылуындағы маңыздылығын көрсетуге тырысады. Қазақша сөйлегенде орыс және қазақ тілдерін (мүмкін ағылшын тілін) араластыратындарды кінәлаудан гөрі, Жанасөздік өзінің негізгі жазылушыларын өзі осылай жасауға шақырады. Осылайша, парақ қазақ тілінің тазалығы туралы түсініктерге қарсы тұра отырып, тарихи тұрғыдан орыс тілділерді шетке шығарған қазақыландыру процестеріне белсене қатысуға шақырады. Атап айтқанда, мен транслингвизм және көптілділік ұғымдарын мақаланың соңында Жанасөздік екі тілді елде маңызды орын алатындығын атап көрсету үшін келтірдім, яғни сөздік қазақстандықтар әлі қолданбайтын, бірақ күнделікті қолданылатын екі тілді де білуді қажет ететін сөздерді ойлап табады. Бұл жұмыста мен жанасөздікке талдау жасау барысында таза пәнаралық тәсілді ұстанатын боламын: оны тек социологиялық немесе лингвистикалық құбылыс ретінде қарастырудың орнына, Instagram парағын Қазақстандағы саяси жағдай шеңберінде, елдің лингво-тарихи дамуы және қазақстандық мәдени контекст аясында зерделеймін. Бұл көп қырлы талдау дәстүрлі (бір тақырыптық) талдауға қарағанда, жаңа сөздіктің Қазақстанға, қазақ халқына және қазақ тілді қоғамға ықпалын егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айзенберг L. . (2021). Janasozdik: инклюзивті қазақ сленгтерін кодификациялау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 136(3), 147–159. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-147-159

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ