Мерзімді баспасөздегі Сталиндік қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30 жж. мерзімді баспасөз материалдар негізінде)
Қаралымдар: 78 / PDF жүктеулері: 96
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-79-90Кілт сөздер:
кеңестік идеология; мерзімді баспасөз; зиялылар; ұлтшылдық; Алаш қозғалысы; сталиндік қуғын-сүргін; жат элемент; әшкерелеу.Аңдатпа
Мақала кеңестік идеологияның мерзімді баспасөзді коммунистік партияның насихат құралына айналдыру барысы мен сталиндік қуғын-сүргін науқанына арналған. ХХ ғ. 20-30 жылдардағы шыққан партия мен үкіметтің органы болған «Еңбекші қазақ» (кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан»), «Қызыл Қазақстан», губерниялық «Ақ жол», «Қазақ тілі» және тағы басқа басылымдар социализмнің салтанатын асқақтата көтеруге, мадақтауға, жаңа кеңестік өмір жетістіктерін дәріптеуге тиіс еді. Авторлар кеңестік жүйенің тұсында шыққан мерзімді баспасөзге қатысты үкіметтің ұстанған көзқарасын анықтайды және «саяси билікке қарсы шықты» деген желеумен түрлі салаларда қызмет еткен ұлт зиялылары мен ел азаматтарын газет-журнал арқылы әшкерелеу процесін мысалдар негізінде ашып көрсетеді. Мерзімді баспасөз арқылы большевиктік жүйеге жат элементтермен күрес барысының қалай жүргізілгендігі нақтыланады. ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ интеллигенция табының «буржуазиялық ұлтшыл», «жікшіл», «оңшыл» ретінде саяси тұрғыда қудалау науқанын ілігу барысы сараланады. 30-шы жылдар коммунистік партия қатарына кіріп кеткен жау элементтерден тазарту барысының газеттерде көрініс табуы айқындалады. Ақтөбе облысының аудандарындағы «халық жауларын» анықтаудағы баспасөздің рөлі мен орны сараланып, Ойыл, Темір, Преснов аудандарындағы оқу-ағарту, мәдениет, өнер, ауылшаруашылығы салаларындағы зиянкестерді әшкерелеу мен оларға қатысты жүргізілген сот процесі ашылып көрсетіледі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2021 Светлана О Смагулова, Гүлбану Б Избасарова.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.