Тұлғаның дамуындағы адамгершілік тәрбиенің рөлі


Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • Лалихон А. Мухамеджанова The role of moral education in personal development

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-122-133

Кілт сөздер:

адамгершілік тәрбие; моральдық құндылықтар; адам және қоғам; адамгершілік мәдениеті; адамның адамгершілік нормалары; жеке құндылықтар; еркіндік; теңдік; бауырластық.

Аңдатпа

Мақалада адамның рухани тәрбиесі, адамгершілік мәселесі көтеріледі. Адамды тұлға ретінде тәрбиелеу, қалыптастыру білім беру үдерісімен тікелей байланыстырылады. Автор адамды  жетілдірудегі  басты міндет ретінде осыны көреді. Мақалада адамгершілік тәрбиесінің алдында тұрған міндеттер анықталған. Моральдық құндылықтардың дамуы тарихи түрде өзгергені және жалпы әлеуметтік қатынастардың дамуымен байланысты екендігі көрсетілген. Өзбекстан жастарын тәрбиелеуде ислами діни құндылықтардың да, ұлттық құндылықтардың да маңызы зор екеніне назар аударылды. Хадистанушы және ислам заңгері Әбу Иса ат-Тирмизидің хадис жинақтары, ғалым мухадис және муфассир, имам әл-Бухаридің кітаптары мысалында хадистерде адам руханияты үшін құнды идеялардың бар екендігі, адам мен қоғам арасындағы дұрыс қарым-қатынасты түсіну үшін үлкен маңызға ие екендігі негізделді. Сондай-ақ, олар адамзатты осы әлемде жақсылыққа үндейтіні атап өтілді. Мақалада адамгершілік тәрбиесінің құралдары мен тәсілдері тақырыбы қозғалады. Адамгершілік тәрбие үдерісінде дәстүрлі және заманауи құралдарды ұштастыру қажет екендігі және ұстаз рөлінің ерекше екендігі баса айтылды. Адамгершілік тәрбие – Өзбекстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі. Тәрбие мен білімнің арқасында қоғам мен мемлекетте прогресс жүзеге асырылады, өзбек жастары жеке мүдделерін өз халқының мүдделерімен үйлестіре отырып, әлемде өз орнын алады. Сонымен, мақалада дәстүрлі және заманауи құндылықтардың үйлесімділігін қамтамасыз етудегі моральдың маңыздылығы талқыланады және жастарды тәрбиелеудегі адамгершілік және ислами құндылықтардың рөлі айқындалады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мухамеджанова , Л. А. (2021). Тұлғаның дамуындағы адамгершілік тәрбиенің рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 135(2), 122–133. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-122-133

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ