Қазақтардың Францияға еңбек көші-қоны


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 26

Авторлар

  • А.К. Қыстаубаева ҚР орталық мемлекеттік мұражайы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-77-86

Кілт сөздер:

көші-қон; еңбек көші-қон; қазақтар; Франция; демография; диаспора;
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада қазақ диаспорасының еңбек көші-қонының жай-күйі, сондай-ақ дамыған капиталистік елдердегі қазақтардың экономикалық бейімделу жағдайларының мүмкіндіктерін зерделеу қарастырылады. Зерттеудің мақсаты қазақтардың Францияға еңбек көші-қонының себептерін анықтау. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, зерттеуде Францияда тұратын қазақтардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге, 1945-1980 жылдардағы иммиграциялық жұмысшылар мен қызметкерлерге қатысты Франция үкіметінің саясатын талдауға; қазақтардың Францияға еңбек көшіп келу себептерін зерттеуге бағытталған келесі міндеттер шешіледі. Батыс Еуропа мұнда, ең алдымен континенттің аз дамыған елдерінен, сондай-ақ Түркиядан келетін шетелдік жұмысшыларды тарту орталығына айналды. Соңғы он жылда Батыс Еуропадағы жұмысшылардың мемлекетаралық көші-қоны бұрын соңды болмаған мөлшерге дейін өсті. Жыл сайын бір миллионнан астам жұмысшы  Еуропаның бір  елдерінен басқа елдеріне жұмыс іздеуге жіберіледі. Себептер саяси және экономикалық дағдарыста, жұмыссыздық деңгейінің артуында болды, бұл Франциядағы қазақтар арасында мигранттар санының артуының салдары болды. Соғыстан кейінгі экономикалық жағдай соғыстан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіруге жұмысшылардың сұранысын тудырды, бұл тарифтердің (жалақының) өсуіне әкелді. Ғалымдардың пікірінше, Францияның жұмыс нарығын басқа елдерден арзан шетелдік жұмыс күшімен белсенді толықтыру Францияның ыңғайлы орналасуымен түсіндіріледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ