Қазақстан тарихындағы әлеуметтік катаклизмдерді қабылдаудың исламдық ракурсы («Зар заман" мектебінің мұрасы мысалында»)


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

  • Н. Нуртазина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-87-99

Кілт сөздер:

қазақтардың рухани мұрасы;

Аңдатпа

«Зар заман» (қайғы дәуірі) дәстүрлі поэзиясының мәтіндері Қазақстан территориясындағы Ресей империясының отарлық басқару жүйесіне қарсы жағымсыз, кері әсерлердің қалыптасуына қатысты қазақ халқының ұжымдық санасындағы пессимистік, антиколониалдық және діни дүниетанымының айқын көрінісі болды. Шортанбай, Дулат, Мұрат және т.б. ақындар сияқты білімді қазақтардың мұсылмандық сана-сезімін суреттейтін поэзияның бұл үлгілері кеңестік кезеңде жеткілікті зерттелмеген күйінде қалды. Дегенмен, Қазақстанның саяси тәуелсіздік жылдарында бұл тақырыпты обьективті зерттеу басталғанымен, ондағы еңбектерде филологиялық тұрғыдан талдау басым болды, сондай-ақ исламмен байланыс нақты қарастырылмады. «Зар заман» қазақ мектебінің рухани мұрасы пәнаралық терең зерттеуді қажет етеді. Қазақтардың діні, этникалық санасы және  мәдениеті мәселелерін зерттеу кезінде оларды баламалы тарихи дереккөздер ретінде пайдалану да өз нәтижесін беретіні анық. Діни-философиялық бағыттағы қазақ ақындарының саяси режимге оппозициялық көзқараспен қараған бұл шығармаларында қазақтардың өзіндік тарихи санасы көрініс табады, империяның көшпелілермен өркениеттік қақтығысының ерекше тұстарының интерпретациясы беріледі. Сонымен бірге, «Зар заман» мектебінің жалпы сипаттамасы ретінде патшалықтан саяси жеңіліс табу фактісі мен шариғат пен суфизмнің діни-эсхатологиялық идеялары рухындағы халықтың моральдық деградацияға түсуіне өкіну мен оны жоқтауын көруге болады.  «Зар заман» поэзиясының мәтіндері ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының исламдық сәйкестігі тұрғысынан қызықты, өйткені олардағы әлеуметтік катаклизмдерді бағалау мұсылман әлемі бейнесінің басты сюжеттерінің бірі – «Ақыр заманды» күту бойынша беріледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нуртазина N. . (2020). Қазақстан тарихындағы әлеуметтік катаклизмдерді қабылдаудың исламдық ракурсы («Зар заман" мектебінің мұрасы мысалында»). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 133(4), 87–99. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-87-99

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР