Шығыс және Батыс: идеялардың өзара толықтырылуы
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 44
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-8-21Кілт сөздер:
Шығыс, Батыс, мәдениеттер, философия, мистика, таным, рационализм, түйсік.Аңдатпа
Мақалада Шығыс пен Батыстың тұжырымдамалары мен дәстүрлерінің тарихи дамуын қайта құруға, оның түйінді сәттерін, бір-бірін байытқан Шығыс және Батыс идеяларының толықтырылуын анықтауға қадам жасалған. Мақаланың мақсаты мәдениет пен ғылымды одан әрі дамытудың жалпыадамзаттық және жалпыөркениеттік негізін қалыптастыру үшін Шығыс пен Батыс тұжырымдамаларын интеграциялау жолын анықтау болып табылады. Мақалаға зерттеу әдісі ретінде салыстырмалы талдау жүргізілді. Таным, мәдениет, ғылым, философия және мистикаға қатысты Шығыс және Батыс тұжырымдамаларының ерекшеліктерін анықтау ғылыми зерттеудің жаңалығы ретінде қарастырылмақ. Шығыс пен Батыс қарым-қатынасындағы Исламның рөлі медиатор ретінде негізделген. Қорытындылай келе, жүргізілген талдау нәтижесінде Шығыс және Батыс дүниетанымының интеграциялану ықтималдығы нақты деп тұжырымдалады, алайда бұл адамзаттың одан әрі даму жолының тарихи таңдауына байланысты.