Энергетика саясаты: Каспий аймағы ірі мемлекеттерінің бәсекелестігі


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 91

Авторлар

  • Y. Sari Болу Абант иззет Байсал университеті
  • А. Азмұханова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-56-67

Кілт сөздер:

Каспий, экспорт, әскери-стратегиялық, Каспий саясатының акторлары, қара алтын.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада Каспий өңірінің ірі державаларының энергетикалық саясаты мен бәсекелестігі талданады. Каспий теңізі әлемдегі тұзды судың ең ірі толық тұйықталған массиві болып табылады және көмірсутектердің аса бай қорына жатады. Ол жер қойнауындағы мұнай мен газдың мол шоғырланған  ортасы. Каспий бассейні - Еуропа мен Орталық Азияны қосатын маңызды көлік бағыты болып табылады. Каспий өзінің геосаяси жағдайына байланысты энергия ресурстарының орасан зор қорының болуы өңірлік және өңірлік емес державалар тарапынан өткір бәсекелестік объектісі болып табылады. Аймаққа ықпал етуге барынша араласуда тек жағалаудағы мемлекеттер ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Солтүстік Атлант альянсы,  Еуроодақ, Қытай, Түркия т.б. елдердің стратегиялық, бағдарламалық, сыртқы саясилық тұжырымдамалары мен ресми мәлімдемелерінде бұл мәселе бойынша нақты заңды құжаттарда тіркелгенінен байқауға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР