ХІХ ғасырдағы Мысыр қалаларының даму тарихы


Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

  • Ж.Е. Турекулова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • М.У. Жумабеков М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-77-84

Кілт сөздер:

Мысыр, ХІХ ғасыр, модернизация, урбандалу, Суэц каналы, әлеуметтік-экономикалық даму, көші-қон үрдісі, демография.

Аңдатпа

Замануи араб елдерінің ішіндегі көшбасшы мемлекет болып саналатын Мысырдың даму кезеңдеріне арналған тарихи-мәдени зерттеулерде, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы, әдебиеті және діни қозғалыстары зерттеушілердің басты назарында болып келеді. Дегенмен, Мысырдағы урбандалу үдерісіне, қалалардың даму ерекшеліктері мен кезеңдеріне қатысты мәселелер ғылыми көзқарастарды және зерттеулерді қажет ететін тың тақырып. Осы орайда, ұсынылып отырған мақалада, ХІХ ғасырда Мысыр қалаларының даму үрдісі және елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени дамуындағы ықпалы қарастырылады. ХІХ ғасырдағы Мысырдағы урбандалу үдерісі Мұхаммед Али жүргізген реформалардан, Суэц каналының құрылысынан бастау алады. Ұсынылып отырған мақалада Суэц каналының құрылысы мен Мұхаммед Әлиден бастау алып, оның мұрагерлері жалғастырған елдегі еуропаландыру үдерісінің арасындағы тікелей байланыс қарастырылады. Мысыр еліндегі модернизациялық үдеріс нәтижесінде және Суэц каналының құрылысының шеңберінде, еуропалық үлгіде салынған ірі қалалардың  құрылысына талдау жасалынады. 

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Турекулова, Ж. ., & Жумабеков, М. . (2020). ХІХ ғасырдағы Мысыр қалаларының даму тарихы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 131(2), 77–84. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-77-84

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР