Шығыс Қазақстан өңірі шаруа қожалықтарын жаппай күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістердің себептері


Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 74

Авторлар

  • Ж.С. Жылгельды Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-130-1-25-34

Кілт сөздер:

көтеріліс, ұжымдастыру, әлеуметтік мәселелер, тарихнама, Шығыс Қазақстан өңірі, 1929-1932 жылғы көтерілістің себептері.

Аңдатпа

МақаладаХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындағы Қазақ АКСР-дағы ұжымдастыруға қатысты мемлекеттік саясат пен оның Шығыс Қазақстан өңіріндегі көтерілістердің себептері зерттелген. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар көтерілісінің себептері туралы кеңестік кезең мен кейінгі кезеңдегі тарихнама жетістіктері қарастырылған. Автор зерттеуінде кеңестік кезеңдегі көтерілістердің себептері туралы зерттеулердің бағыт-бағдарымен, оның шынайылығына, әрі, мемлекеттік саясаттың ықпалына баға беріледі. Қазіргі уақыттағы зерттеулердің бағыт-бағдарлары мен оның ерекшеліктері толық талданып, мақсаттары айқын көрсетіледі. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан кейін жарық көрген еңбектерді сараптап, оларды кеңестік кезеңде жарияланбаған, тың мұрағат құжаттары пайдаланып, зерттеу аумағын кеңейтіп, жаңа сападағы тұжырымдар жасаған.
Зерттеу барысында ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдарының басындағы жаппай күштеп ұжымдастыруға қарсы бағытталған көтерілістердің саяси-әлеуметтік және экономикалық, мәдени себептері анықталған.
Ұжымдастыру саясатының қазіргі Шығыс Қазақстан өңіріндегі көтерілістердің басқа аймақтардағы көтерілістерден айырмашылығы мен ұқсастығы талданған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жылгельды, Ж. . (2020). Шығыс Қазақстан өңірі шаруа қожалықтарын жаппай күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістердің себептері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 130(1), 25–34. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-130-1-25-34

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР