Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан шығармашылық одақтарының материалдық жағдайы


Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

  • Т.Я. Сәтбай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • К.М. Ильясова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-130-1-64-74

Кілт сөздер:

Қазақстан шығармашылық Одақтары, көркем интеллигенция, Сәулетшілер, кинематографистер, журналистер, суретшілер, Шығармашылық Одақтары, материалдық-әлеуметтік жағдайы.

Аңдатпа

Мақалада соғыстан кейінгі жылдардардағы Қазақстан шығармашылық Одақтары мен көркем интеллигенциясының материалдық әлеуметтік жағдайы қарастырылады. Соғыстан кейінгі жылдары Шығармашылық Одақтардың ішіндегі ең белсендісі Жазушылар Одағының баспанасы болды ма, болмады ма кесіп айту өте қиын. Бес-алты шағын бөлмелерден тұрған үйшікте бес үйым: екі журналдың редакциясы, әдеби қор, авторлық құқықты қорғау жөніндегі басқарма және Жазушылар Одағының барлық секциялары орналасты. 50-ші жылдары да Жазушылар Одағынан баспана мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Композиторлар Одағының мекен-жайы мүлдем болған жоқ. Композиторлар Үйі 1969 жылы ғана салынды. Сәулетшілер, кинематографистер, журналистер, суретшілер Одақтарының да баспаналық сергелдеңі бұдан кем болған жоқ. Мақалада, сондай-ақ, Қазақстан көркем интеллигенциясының материалдық әлеуметтік жағдайының ауырлығына, Шығармашылық Одақтардың дербес баспаларының, көпшілігінің баспа органдарының, басылымдарының болмауы да әсерін тигізгені аталып өтіледі. Көркем зиялыларының материалдық – әлеуметтік жағдайына әсер еткен басқа да факторлардың рөлі көрсетіледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сәтбай, Т., & Ильясова, К. . (2020). Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан шығармашылық одақтарының материалдық жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 130(1), 64–74. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-130-1-64-74

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР