Кеңестік кезең мен Кемел Тоқаев (жеке күнделігі мен замандастар естелігінен)


Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 641

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-121-133

Кілт сөздер:

Кемел Тоқаев; жазушы; ашаршылық; соғыс; Қазақ ССР; детективтік жанр; повесть; тұлға; замандастар; әдебиет.

Аңдатпа

Мақалада автор Кемел Тоқаев есіміне қатысты 2000-2021 жылдар аралығында шыққан жарияланымдар мен басылымдарды қарастырады. Аталған уақыт аралығындағы жарияланымдар іріктеліп, мақаланың мақсатын ашатындары ғана таңдалды. Жазушының өміріне қатысты келтірілген құнды деректерді тарихи тұрғыда талдап, архив құжаттарымен дәлелдей отыру мақаланың мақсаты ретінде алынды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінен, Орталық мемлекеттік архивінің Кемел Тоқаев қорынан, Ұлттық академиялық кітапханадан алынған құжаттар қолданылды. Мақаланың өзектілігі жазушының шығармашылық жанрына қазіргі қоғам тарапынан сұраныстың артуынан, қазақ әдебиетіндегі детективтік жанрдың бастамасында тұрған тұлғаның мұрасына жаңаша баға беріп, Қазақстан тарихындағы орнын межелеу. Автор Кемел Тоқаевтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі Қазақ КСР-дегі мәдениет саласының өркендеуі сияқты тарихи оқиғалар мен бетбұрыстарды басынан кешіргеніне тоқталады. Соған байланысты қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі ашаршылық мәселесінің көтерілуі, жазушының аталған трагедиялық оқиға кезіндегі өмір кезеңін тереңірек зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысты көптеген архивтік құжаттардың құпиялығының жойылуына байланысты, майдангер-жазушының ірі шайқастарға қатысу барысы туралы жаңа зерттеу кеңістіктері ашылды. Осыған орай автор ашаршылық пен соғыс, мәдени өрлеу кезіндегі шығармашылық жолы сияқты мәселелерді қарастыру міндеттерін алға қойды. Соңынан елеулі із қалдырған қайраткерлер есімдерін ардақтау, ұрпақ тәрбиесі мен ел тұрақтылығы үшін қажетті ұлттық идеологиялының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Осы орайда мақаланың негізгі мәселесі ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмеген Кемел Тоқаев есімі қарастырылады

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-09

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шакиев, М. Н. . (2022). Кеңестік кезең мен Кемел Тоқаев (жеке күнделігі мен замандастар естелігінен). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 141(4), 121–133. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-121-133

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР