Алтын ордалық дәстүрлі тарихнаманың қалыптасуы мен ерекшеліктері


Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 386

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-74-88

Кілт сөздер:

Алтын орда; тарихи сана; дәстүрлі тарихнама; ауызша тарих; фольклор; жазба деректер
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада Алтын Орда кезеңіндегі тарихи ой-сана мен тарих айту дәстүрі, дәстүрлі тарихнамасы зерттеледі. Далалық тарих айту дәстүрі мен жазбаша тарих дәстүрінің өзара байланысты, ерекшеліктері сарапталып, алтынордалық тарихнаманың (тарих айту, жазу дәстүрі) сипаты, қалыптасуы, сабақтастығы сарапталады. Алтын Ордалық тарихи дәстүрдің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері далалық ауызша тарих айту дәстүрі мен жазба мәдениетінің қарым қатынасы мен сипатын зерттеумен айқындалады. Алтын Орда мемлекетінде қалыптасқан тарих айту мен жазу дәстүрі ауызша және жазба тарихи дәстүрдің синтезі ретінде ерекшеленеді. Өтеміс қажының, Әбілғазы бахадүр ханның шығармаларын Алтын Орда дәуірінде қалыптасып, дамыған тарих айту дәстүрінің нақты көрінісі деп бағалауға болады. Алтын Ордалық дәстүрлі тариханамаға ауызша тарих айту немесе фольклор үлгілерімен қатар жазба мәдениет туындылары да тән. Алтын Ордалық дәстүрлі тариханаманың  жазбаша тарихи дәстүрі сол кезеңде кең таралаған түркі мұсылмандық жазба дәстүрге сайкес, бірақ ең алдымен ауызша тарих айту дәстүрінің ықпалында қалыптасқанын көреміз. Алтын Ордалық тарихнамалық дәстүрдің ерекшелігі ретінде тарихнамаға жекелеген рулар тарихы, жергілікті әулиелердің және аңыздарда бейнелегенген танымал кейіпкерлерінің тарихын енгізу арқылы айқындалғанын тұжырымдай аламыз. Уақыт өте келе бұл дәстүр мұсылмандық әлем бейнесі мен тарихнамасына енгізілді. Бұл дәстүрдің таралуына және түркі халқының санасына енуіне оның фольклорлық, эпикалық жүйелерге жақындығы ықпал еткен. Алтын Орданың дәстүрлі ауызша тарихнамасында ХІІІ-ХY ғасырлардағы тарихи оқиғалардың ішкі мәні мен өзіндік ерекшеліктері айқын кқрінс берген. Дәстүрлі тариханама өкілдерінің шығармаларында тарихи болмыстың дүниетанымдық қырлары айқын, жекелеген детальдар мен фактілер уникалды болып келеді. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-21

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР