Қазақстан және Германия арасындағы мәдени байланыстар: неміс диаспорасы мысалында (1991-2020 жж.)


Қаралымдар: 206 / PDF жүктеулері: 125

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-106-121

Кілт сөздер:

Қазақстан; Германия; неміс диаспорасы; мәдени байланыстар.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздік жылдарынан бастап Батыс елдерімен көпвекторлы саясатты берік ұстанып келеді. Оның басты бағыттары саясат пен экономикаға қарай бағытталса, келесі кезекте мәдени-гуманитарлық салалар бойынша да байланыстар орын алды. Еліміз Еуроодақ елдерінің арасында Германиямен түрлі салаларда байланыстар орнатты. Екі мемлекет арасында бүгінде орнатылған екіжақты ынтымақтастық басымдыққа ие болуда және ол өзара тиімді серіктестікті арттырып келеді. Экономикалық байланыстар мен саяси интеграция жаңа уақыттың импульсі ретінде қазіргі әлемнің барлық мемлекеттері үшін үлгі болып табылады. Сол сияқты, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестік қызметтің барлық дерлік салаларын қамти отырып, тұрақты түрде күшейіп, ауқымын кеңейтуде. Сенімділік, өзара қатынас және толеранттылық қасиеттері ұлттар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің көрінісі бола отырып, қазақ-герман байланыстарының айрықша қасиеттері болып табылады. Сыртқы байланыстардың негізгі бағыттары бойынша ұстанымдардың сәйкес келуімен қатар, бұл екіжақты достық қарым-қатынастарда мәдени байланыстарды үйлестіруге ықпал ететіні сөзсіз. Қазақстан мен Германияның мәдени саладағы байланыстарының маңызды бір бөлігі Қазақстандағы неміс диаспорасымен байланысты. Тарихи шегініс жасасақ, сонау патшалық кезеңнен бері, одан соң кеңестің заманда Қазақстан Республикасының барлық аймағында немістер өмір сүріп келеді. Қазақстандық немістер жергілікті жерде өзінің мәдениеті мен болмысын сақтай отырып, қазақ халқымен тығыз мәдени байланыста өмір сүріп келеді. Халықтар арасындағы мұндай байланыстар мемлекетаралық деңгейге көтеріліп, ол Қазақстан мен Герман Федерациясы арасындағы мәдени байланыстардың дамуына ықпал етіп отыр. Мақалада, еліміздегі неміс диаспорасын негізге ала отырып, Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстар зерттеледі. Екі мемлекеттің мәдени байланыстарын зерттей отырып, оған қазақстандық немістердің ролі мен ықпалына ғылыми талдау жасалады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тлемисова, Ж. М. ., & Мамырбеков, А. М. . (2022). Қазақстан және Германия арасындағы мәдени байланыстар: неміс диаспорасы мысалында (1991-2020 жж.). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 140(3), 106–121. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-106-121

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР