Мешітті мұражайландыру: коғамдық кеңістіктердің қазақстандық дискурсы


Қаралымдар: 194 / PDF жүктеулері: 306

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-149-164

Кілт сөздер:

мешіт; мұражай; мәдени мұра; мәдени ландшафт; естелік орындары; коммеморация; апроприация; қоғамдық кеңістік; мұражайландыру; Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Аңдатпа

Әлеуметтік сана қоғамдық кеңістіктерді жеке тұлғалардың интеракциясы мен қауымдастықтардың коммуникациясына қатысты ашықтығы мен жабықтығынан туындайтын ерекшеліктер арқылы сипаттауға бейім болғандықтан көп жағдайда олар туралы бұрыннан қалыптасып қалған және өзгере қоймайтын түсініктерді қолданады. Алайда, мәдениет пен күнделікті өмірдің үдерістері мен өзгерістерінің ықпалымен пайда болып жатқан қоғамдық кеңістіктердің трансформациясы және гибридизациясы сияқты сценарийлер көпшілікке үйреншікті түсініктерді қайта қарастыруды қажет ететіндей. Авторлардың пікірінше, қоғамдық кеңістіктер туралы дискурстарға әсер ететін мәдени және күнделікті тәжірибелердің қалада орын алу ықтималдылығы жоғары болғандықтан, зерттеушілерге әсіресе қалалық жағдайдағы жаңа өзгерістерге ерекше назар аударуы қажет. Мақалада 1990-2021 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтердің, сондай-ақ 2021 жылдың желтоқсан мен 2022 жылдың наурыз айлары аралығында жиналған далалық зерттеулердің негізінде мешіттің әлеуметтік рөлі мен орны, оның бұқаралық қоғамдық кеңістіктегі дискурстарының ерекшеліктері көрсетілді. Негізгі фокус мәдени естеліктердің мұражайлар шекарасынан шығу, мешіттерде және кеңірек алғанда көпшілік орындарда көрініс тауып отырған мұражайландыру үрдістерін қарастыруға бағытталды. Нәтижесінде, Қазақстандағы діни кеңістіктің өзгерістер мен сыртқы әсердің ашықтығына ерекше назар аударылып, мешіттердің діни рәсімдер мен жораларды орындап қана қоймай, оның бір жағынан, мемлекет, екінші жағынан, діни және мәдени институттардың өзара серіктестік қарым-қатынастары орын алатын жаңа қоғамдық кеңістік екендігі көрсетілді. Жекелеген кейстер негізінде мешіттердің қызметін кеңейтуге, оның ішінде әлеуметтік коммуникацияны дамытуға, діни құндылықтар мен мәдени естеліктер нарративтерін көпшілікке көрсетуге бағытталған жергілікті қауымдастықтардың өзара іс-қимылдары зерделенді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Медеуова, К. А. ., & Кикимбаев, М. Ж. . (2022). Мешітті мұражайландыру: коғамдық кеңістіктердің қазақстандық дискурсы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 140(3), 149–164. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-149-164

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ