Әл Фараби мен Әл Ғазали шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар
Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 143
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-225-236Кілт сөздер:
философия тарихы; фәлсафадағы адамның ойлау іс-әрекеттілігі; білім; өнер; Әл Фараби мен Әл Ғазалидің діни антроплогиясы; үйлесімділік; әлеуметтік-этикалық құндылықтар.Аңдатпа
Мақалада мұсылман философиясының екі іргелі өкілі Әл Фараби мен Әл Ғазалидің әлеуметтік философиялық көзқарастары зерттелді. Бұл мақалада мұсылмандық ойлау дәстүрінің негіздері әлеуметтік, мульти пәндік әдістер арқылы қарастырылған. Ол адамның кемелдігі, қоғамның түрлері, ойлау мен іс-әрекеттеліктегі рационалдылық, ұрпақ тәрбиесі ұғымдарын ерекшелеу арқылы көрініс тапқан. Мұсылмандық философиялық ойлау тарихын зерттеуші ғалымдардың, оның ішінде Хилми Зия Үлкеннің, француз зерттеушісі А.Корбеннің, А.Х. Қасымжановтың, Ғарифолла Есімнің, Ж. Алтаевтың, Д. Кенжетайдың, А.Д. Құрманғалиеваның, Ж. Сандыбаевтың, Н. Сейтахметованың ғылыми еңбектеріне сілтеме берілген. Қазақ халқының даналық ойлары, Абайдың әлеуметтік-философиялық көзқарастары Әл Фараби мен Әл Ғазалидің шығармашылығындағы даналық ойларымен сабақтастығы арқылы берілді. Бұл мақалада Әл Фараби мен Әл Ғазалидің, Әл Киндидің адамның әлеуметтік құндылықтары, діни антропологиялық ойлары қазіргі заманғы оқиғалармен салыстырмалы көрсету арқылы берілді. Әл Фарабидің қоғамның ізгілігі концепциясы Абайдың толық адам идеясымен, оның этикалық құндылықтарымен, дүниетанымдағы білімнің ролі, болмыстың интеллекция арқылы әрекетшіл санаға ауысуы, Әл Ғазали ұғымындағы адам санасының жалған діни тәрбие арқылы бұрмалануы мәселелері қамтылған. Қазіргі қазақстандық қоғамда діни радикализмнің латентті көрінісі арқылы құндылықтық дағдарыстар бар.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.