Мұражай тәжірибелерінің гибридизациясы: Қазақстан мешіттеріндегі мемлекеттік және конфессиялық эксперименттер


Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 117

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-252-264

Кілт сөздер:

ислам; мешіт; мәдени мұра; мұражай; посткеңестік жағдай; зайырлылық; діни ахуал; гибридизация; партисипация; Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік органдардың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары мен мүдделі қауымдастықтардың партисипациясы нәтижесінде пайда болған аймақтық мешіттердегі ислам мұражайларының қызметін ұйымдастырудың кейстері талданады. Автор пікірінше, «Нұр-Гасыр» мешітінің жанындағы «Руханият» (Ақтөбе облысы) және «Халифа Алтай» мешітінің жанындағы Ислам мәдениеті (Шығыс Қазақстан облысы) мұражайларын Кеңес заманында жойылған немесе қудаланған ислам мұрасын трансляциялауға бағытталған алғашқы ауқымды эксперименттер қатарына жатқызуға болады. Нәтижесінде, мұражай мен мешіттің қызметі ұштасып, зерттеушілерге Қазақстандағы мұражай классификациясына қосуға қиындық тудыратын гибридтік формалар пайда болды. Мұражайдың бірінде мемлекеттік орган, ал екіншісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы басты ұйымдастырушы болып, бұл жағдай экспозициялық және жергілікті қоғамдастықпен коммуникациялық тәжірибелерге әсер етті. Жалпы, еліміздегі мешіттер зайырлы Қазақстанда ислам мұрасын трансляциялау бағытында барлық мүдделі тараптар үшін компромисстік орынға айналып, қазіргі таңда ол жерлерде мұражай тәжірибелерінің гибридизациясы орын алуда, ал мемлекеттік органдар және діни институттар ислам тарихы мен мұрасын өзіндік репрезентациялау логикасын жүзеге асыруда.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

М.Ж. K. (2023). Мұражай тәжірибелерінің гибридизациясы: Қазақстан мешіттеріндегі мемлекеттік және конфессиялық эксперименттер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 142(1), 252–264. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-252-264

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ