ХІХ ғасырда жер аударылғандардың Семей облысы өлкетануын дамытудағы қызметінің тарихнамасы


Қаралымдар: 124 / PDF жүктеулері: 140

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-7-28

Кілт сөздер:

жер аударылғандар; Сібір; отарлау; қуғын-сүргін; қудалау; Батыс Сібір ауданы; этнография; зерттеуші; өлкетану; экспедиция.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңда тарихи тұрғыдан алғанда, әлеуметтік маңызы мен болашағы зор ғылыми бағыттың бірі – Қазақстан өлкетануының ғылыми теориялық деңгейде объективті зерттелуіне байланысты тақырып қарастырылады. ХІХ ғасырда Семей өңіріне жер аударылып келген оқыған, жаңалықтарға құмар, ізденімпаз жастардың өлкемізді ғылыми зерттеуде елеулі із қалдырған қызметін Ресейдің ғылыми кітапханаларының мұрағаттық қорларында және Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорларында сақталған аса құнды құжаттар арқылы талдау, тың көзқарастар мен тарих ғылымында бекітілген ғылыми тұжырымдар негізінде баяндау. Жер аудару (жазалау) жүйесін зерттеудің жалпы проблематикасының құрамдас бөлігі болып саналатын, XIX ғасырда жер аударылғандардың қызметін зерттеу тақырыбы, жер аудару тарихы жөніндегі бірқатар еңбектерде көрініс табады. Бұл  жерде Сібір аймағында жер аударылғандардың қызметіне қатысты ау деген көптеген ақпарат, құнды бақылаулар, фактілер, қорытындылар келтіріледі. Бастапқыда көптеген материалдар үзінді ретінде үзік-үзік шашыраңқы болды, кейіннен кеңестік және қазіргі кездегі жұмыстарда жүйелеу үрдісі байқалады. Мұрағат материалдарының, жеке мақалалардың, жинақтардың, монографиялардың, сілтемелер тарихы бойынша басылымдардың жаңа шығарылымдары құнды ақпарат көзі болып табылады. Сонымен қатар, мақалада жер аударылғандардың ғылыми - зерттеу, мәдени-ағартушылық қызметі қарастырылған және олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері көрсетілген еңбектер көптеп талданады. Мақалада тың деректер, фактілік құжаттар ғылыми айналымға енгізіліп, жүйелі ретроспективті және кең көлемді талдау жасалып, жер аударылғандардың Семей өңірінің өлкетануын дамытудағы қызметінің ерекшеліктері мен негізгі тенденциялары анықталады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР