Цин патшалығының Қазақ хандығына жолдаған дипломатиялық хаттарынан бір нұсқа (1790 ж.)
Қаралымдар: 202 / PDF жүктеулері: 238
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-8-17Кілт сөздер:
Қазақ хандығы; Цин патшалығы; Ханқожа сұлтан; жарлық хат; мәнжу тілді мәлімдемелер.Аңдатпа
Мақала XVIII ғасырдың соңына ала Цин патшалығының патшасы Цяньлуннің Қазақтың Шығыс аймағына иелік еткен Ханқожа сұлтанға жолдаған жарлық хатын арқау етеді. Бұл хат Қазақ хандығы, әсіресе оның шығыстағы көршісі – Цин патшалығымен болған дипломатиялық қарым-қатынастарын егжей-тегжейлі зерттеу үшін аса қажетті тарихи дереккөздердің бірі болып табылады. Жоңғарлар жойылғаннан кейін Қазақ хандығы мен Цин патшалығы ресми дипломатиялық қатынас орнатып, екі жақ арасындағы сауда-саттық ісі дами бастады. Осыған орай қазақтар тарапынан көптеген хаттар жазылып жөнелтіліп отырды. Бұл хаттар, бүгінгі таңда Пекиндегі Қытай бірінші тарихи архив қорында сақтаулы, біз талдау жасап отырған жарлық хат та осында. Аталмыш хат Цин патшасы Цяньлун жағынан жазылып, патша ордасына дидарласа барған қазақ елшілері арқылы Ханқожа сұлтанға жіберілген. Хатта патша өзінің 80 жасқа толған туған күн тойы қарсаңында құттықтай келген қазақ елшілері туралы айта келіп, оларға берілген шен аты, тарту-таралғылар жөнінде мәлімет берген. Сондай-ақ елшілермен бірге ере барған орынбасар елшілер мен атқосшылары да ауызға алынған. Мақалада түпнұсқа мәтінмен бірге оған байланысты жазылған мәнжу, қытай тілді мәлімдемелер де кеңінен талқыланғандықтан, мақаланың ғылыми құндылығын арттыра түседі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Дүйсенәлі Абдилашим
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.